Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

01.03.2016
Зымыран технологияларын бақылау режимінің делегациясы Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығына барды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Зымыран технологияларын бақылау режимінің (ЗТБР) делегациясы  төраға Пит де Кларктің (Нидерланды) басшылығымен Қазақстанда жұмыс сапарымен жүр. 

ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш) баспасөз-қызметінің ақпараты бойынша осы сапар шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстандағы Нидерланд Корольдігінің елшілігі ұйымдастырған аутрич-семинар өтті. 

ЗТБР делегациясы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының экспорттық бақылауды жүзеге асыру саласындағы қызметімен, сондай-ақ ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің Қазақстанда ғарыш қызметін дамыту жөніндегі жұмысымен танысты.

Семинар қорытындылары бойынша ЗТБР делегациясы Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығына барды. Компания президентінің м.а. Марат Нұрғожин қонақтарды «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ қызметімен, атап айтқанда қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің жұмысымен таныстырды.

IMG_2729.JPG
IMG_2746.JPG

IMG_2750.JPG


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ