Главная Новости

Новости

02.03.2016
Ғарышта бір жыл ұшқан экипажды Қазақстанның ғарышкерлері Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов қарсы алады

1345037157.jpgАСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Ертең, 2 наурызда, әлемдік ғарышнама үшін ерекше мәнді оқиға күтілуде. Жерге Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) бір жылдық экспедициядан кейін ерекше экипаж оралуда.  

Бұл  орбитада шамамен жарты жыл жұмыс істеген «Союз ТМА-18М» кемесінің командирі, ресей ғарышкері Сергей Волков, сондай-ақ жылдық ғарыш миссиясын орындаған ресейлік ғарышкер Михаил Корниенко мен американдық астронавт Скотт Келли. 

Сонымен бірге, жылдық ұшу бағдарламасының қатысушылары жерге қонғаннан кейін қарсы алатын құтқарушылар болмайтын Марсқа қону әрекетіне ұқсастырып, түсетін аппараттан өздері шығуды жоспарлады.  

Ақиқатында жұлдызды экипажды қарсы алатындар көп болады. Бұл ғарышкерлерді құтқару қызметінің, ғарышкерлерді даярлау орталығының мамандары, ғарыштық экипаждың қону қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ондаған басқа өкілдер. 

Қазғарыш баспасөз қызметінің ақпараты бойынша қарсы алатындардың арасында қазақстандық ғарышкерлер Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов болады. 

«Мен 2015 жылы 2 қыркүйекте бірге ұшқан өзімнің командирім Сергей Волковты қарсы алуға, сондай-ақ ХҒС-те жұмыс істеген Михаил Корниенкоға және Скотт Келлиге өзімнің таңданысымды білдіруге қуаныштымын»,- деді біздің агенттігімізге Айдын Айымбетов. 

Талғат Мұсабаевтің миссиясы өте маңызды. Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Президентінің кеңесшісі мемлекеттік марапат – «II дәрежелі Достық» орденін кеме командирі Сергей Волковқа тапсырады. Бұл награда өзінің батырын өткен жылдан бері ҚР Президентінің Жарлығымен Роскосмостың бір топ басшысы, ресей ғарышкерлері ҚР мемлекеттік наградаларымен марапатталғаннан бастап   күтті. 

Роскосмостың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қону және ғарыштағы «жылдық миссияның» аяқталу трансляциясын көргісі келетіндердің барлығы Роскосмостың http://www.roscosmos.ru/317 сайтынан таба алады.

Құрамында кеменің командирі, Роскосмос ғарышкері Сергей Волков және ХҒС-ке алғашқы жылдық экспедицияға қатысушылар Роскосмос ғарышкері Михаил Корниенко мен НАСА астронавты Скотт Келли бар экипажбен түсетін аппараттың қонуы Жезқазған қаласының маңында, 2 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 10-нан 26 минут кеткенде күтілетінін еске салайық.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ