Главная Новости

Новости

06.03.2016
Қазақстанның шежірешісі, «Қазақпарат» ХАА арнайы тілшісі С.Нұрғалиева Байқоңырдың алғысына ие болды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз қарсаңында Байқоңыр кешені бойынша «Қазақпарат» ХАА арнайы тілшісі, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің БАҚ-пен және жұртшылықпен байланыс кеңесшісі Сара Нұрғалиеваға «Байқоңыр ардагері» медалі берілді.

Байқоңыр қ. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Виктор Новиков С.Нұрғалиева отыз жылдан астам Байқоңырда тұрды және жұмыс істеді, оның Байқоңырды сақтау үшін жасаған жасампаз шығармашылық еңбегін, ғарыш айлағының жұмысын объективті баяндауын қала мен ғарышай айлағының еңбеккерлері лайықты бағалады деп атап өтті.

Сара Қабиқызы өзінің еңбек қызметін Ленин телевизия студиясында аудармашы ретінде бастады, кейін қазақстандық, сосын ресейлік қала әкімшілігінің баспасөз қызметіне басшылық ете отырып, «Байқоңыр» телекомпаниясының бас редакторы болды.

Қоғамдық-саяси хабарлау редакторы, жастар редакциясының аға редакторы, Ленин телевизия студиясының бас редакторы ретінде жұмыс істеді. Телевизиялық бағдарламалардың республикалық және халықаралық конкурстарының лауреаты.

С.Қ. Нұрғалиеваның шығармашылық арсеналында Қазақ СРО Президентінің ғарыш айлағына алғашқы сапары (1991), қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіровтің, Талғат Мұсабаевтің ұшулары туралы деректі фильмдер, Байқоңыр ғарыш айлағынан халықаралық экипаждарды  ұшыру туралы тікелей репортаждар жүргізу сияқты эксклюзивті авторлық жұмыстар бар.

2006 жылдан бастап Қазғарыш жүйесінде жұмыс істейді және «Қазақпарат» ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі ретінде Қазақстанның ғарыш қызметін насихаттау, Қазақстан мен Ресейдің Байқоңыр ғарыш айлағындағы ынтымақтастығы жөнінде үлкен және жемісті жұмыс атқаруда.  Оның еңбегі «Құрмет» орденімен, Қазғарыштың және Байқоңыр қ. ресей әкімшілігінің көптеген ведомстволық наградаларымен атап өтілді.

С.Қ. Нұрғалиева өзінің білімін, журналистік еңбегін қазақстандық ғарыштың тарихына арналған жаңа кітаптарына, фильмдеріне шоғырландырды. 2015 жылдың жазында Байқоңырдың 60 жылдығына орай ҚР Президентінің телерадиокомпаниясымен бірлесіп республикалық эфирге арнап «Байконур - дорога к звездам» деген авторлық деректі фильмін дайындады.

 «Мен Байқоңыр, ғарышпен таңдалған ерекше орын туралы кітап жазғым келеді. Осы қалада жастығымыз өтті, балалар, немерелер туды, онымен көптеген қуанышымыз бен орны толмас шығындарымыз байланысты. Сондықтан мен үшін бұл «Байқоңыр ардагері» медалі – осында тұратын және бейбіт ғарыш үшін  еңбек етіп жатқан ер жүректі адамдар, маған жақын болып кеткен жерлестерімнің мойындауының белгісі», - деді С. Нұрғалиева.

2009 жылы қазақстандық ғарыш тарихы жөніндегі авторлық кітабінің шығуы С. Нұрғалиеваның шығармашылық қызметінің нәтижесі болды. ҚР Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның ғарыш саласын құрудағы рөлін, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ресей Батыры, ұшқыш-ғарышкер, авиация генералы Т.Мұсабаевтың өмірлік және ғарыш жолын баяндайтын «Знак равенства»  деректі повесі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылды әрі қазақстандық ғарышнама жылнамасының бөлігі ғана емес, егеменді Қазақстанның тарихына зияткерлік үлес болды.

2011-2012 жылдары еліміздің телеэкрандарына Қазақстанның журналистер одағы сыйлығын иеленген, автор С.Нұрғалиеваның  «Кочевник Вселенной» эксклюзивті деректі фильмі шықты.

Қазғарыштың «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің БАҚ-пен және жұртшылықпен байланыс кеңесшісі қызметінде Сара Нұрғалиева осы күнге дейін ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің Қазақстанның ғарыш қызметін дамыту жөніндегі қазіргі мемлекеттік ведомство ретіндегі имиджін жасауға және қолдауға елеулі үлес енгізуде.

Жоғары кәсіпқойлығы, белсенді қоғамдық қызметі, патриотизмі, іске берілгендігі, жоғары адамгершілік және рухани қасиеттері үшін С.Қ. Нұрғалиева «ҚР Конституциясына 10 жыл» белгісімен, «ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығы» медалімен, көптеген грамоталармен, ресейлік қоғамдық алғыс хаттармен марапатталды.

«Осы жағдайды пайдалана отырып, Қазғарыш ұжымы Сара Қабиқызын келе жатқан Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызбен құттықтайды. Зор денсаулық, отбасылық бақыт және кәсіби табыс тілейді», - деп атап өтті Қазғарыштың баспасөз қызметі.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ