Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

07.03.2016
Айдын Аимбетов Алматы оқушыларының шығармашылық жұмысымен танысты

АЛМАТЫ. ҚАЗАҚПАРАТ – Алматыдағы Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде Қазақстанның үшінші ғарышкері, Халық Қаһарманы, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетов, «Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының» ректоры Омірәли Жалаири мектеп оқушыларымен және басшылығымен кездесті.

Қонақтар оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысты. Оларды зертхана жағдайында бидай арамшөптерімен биологиялық күрес тәсілі туралы айтып берген «биозерттеушілер» жұмыс тобы қызықтырды. «Жас химик» тобы сырттан әкелінген көкөністер мен жемістердегі нитраттар мен С дәруменінің деңгейін өзінің зерттеулерімен, сондай-ақ ластанған суды зертханалық жағдайда тазалау тәсілдерімен бөлісті. «OMIX» робототехника клубының мүшелері температурамен ылғалдық бергіштерінің көмегімен өртке орай әрекет ететін өрт сөндіруші роботты құрылымдау жобаларын, сондай-ақ қашықтықтан arduino бағдарламасы арқылы «Ай бетінде жүруші» аппаратты басқару бойынша өз дағдыларын көрсетті.

8 және 10 сынып оқушылары Бейтс теориясы негізінде көзге арналған Ждановтің жаттығуларын көрсетті. Туапс қаласындағы «Орленок» бүкіл ресейлік лагерьге барып келген оқушылар өздерінің алған әсерлері туралы және «Ғарыш біріктірген» халықаралық аэроғарыш ауысымына қалай қатысқаны туралы айтып берді.

Сондай-ақ, кездесу барысында RadioLAB клубының қатысушылары А.Айымбетовке ұжымдық радиостанса құру жөніндегі өздерінің сыналатын жұмыстарын көрсетті және ғарышкердің мақұлдауы мен «өте жақсы» деген бағасын алды. Мектептің УКВ трансиверлерінің көмегімен Алматы қаласының UN6GPL, UN6GL, UN8GEY радиоәуесқойларымен байланысты.

Бұдан басқа, кездесуде құрылуы тоқтап қалған оқу-зерттеу, астронавтикалық кешен туралы мәселе талқыланды. Бұл жобаны лицейдің директоры Ерулан Жиембаев осыдан екі жыл бұрын ұсынған.

А.Айымбетов кездесуге разы болды, оқушылардың табысы оны қуантты, ол балаларға оқуларының және техникалық шығармашылықтарының табысты болуын тіледі. 


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ