Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

10.03.2016
Сенат ғарыш жүйелерін экономикада тиімді пайдалану туралы заңжобаны бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – ҚР Парламенті Сенатінің жалпы отырысында «ҚР ғарыш қызметі мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

 «Бұл заңжоба жаңа технологиялар енгізуге ықпал ететін болады. Ғарыштық жүйелерді қолданудың бастапқы тәжірибесі көрсеткендей, олардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану терминологиялық реттелмегендікке және ғарыш жүйелерінің өнімдері мен қызметтерін заң деңгейінде пайдаланудың құқықтық тетіктерінің жоқтығымен кездеседі», - деді заңжобаны ұсына отырып ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев.

Оның айтуынша, заңжоба Қазақстанда құрылған ғарыш инфрақұрылымын экономика салаларында және әлеуметтік салада пайдалануға арналған құқықтық шектеулерді жоятын түзетулерді заңнамаға енгізеді.

Министр ғарыш қызметінің нәтижелерін және ғарыш технологияларын экономика салаларына іс жүзінде енгізу қажет екенін атап өтті. Атап айтқанда, бұл су тасқаны сияқты оқиғаларды қоса алғанда, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар мониторингі және олардың алдын алу, қоршаған орта, геодезия мен картография, ауылшаруашылық, ауыл коммуникациясы, ақпараттандыру және ақпарат мониторингі.

Бұл Қазақстанға ғарыш технологияларын, ғарыш саласының құрылған инфрақұрылымын толыққанды пайдалануына жақындауға, экономика мен отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ