Главная Новости

Новости

11.03.2016
Airbus D&S пен «Ғалам» ЖШС ғарыш аппараттарына арналған күн бергіштерінің өндірісін игеруде

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Airbus Defence and Space» француз компаниясы мен «Ғалам» ЖШС Қазақстанда ғарыш аппараттарына арналған күн бергіштері өндірісінің технологиясын енгізуде. Бұл туралы бүгін СЦК баспасөз конференциясында «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов хабарлады.

«Технологиялар трансфертіне грант шеңберінде «Ғалам» ЖШС мен «Airbus Defence and Space» француз компаниясының ғарыш аппараттарына арналған күн бергіштері өндірісінің технологиясын енгізу жөнінде бірлескен жоба қолдау тапты. Бүгінгі таңда бізде мұндай бергіштерді ЕО елдеріне өткізу бойынша 60 млн. евро сомаға тапсырысымыз бар. Корея Республикасы да қызығушылық танытып отыр. Мұндай бергіштердің техникалық сипаттамалары Англия, Ресей, АҚШ, Нидерланды аналогтарынан кем түспейді», - деп атап өтті ол.

«Ғалам» ЖШС 2009 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясымен және  «EADS Astrium» француз компаниясымен жарғы капиталының тиісінше 72,5%  және 27,5%  үлесімен құрылды.

Жұматай Сәлімов атап өткендей, инновациялық гранттар жобаларды қолдаудың және жылжытудың негізгі аспаптарының бірі болып табылады. 2015 жылы гранттық бағдарламаны іске асыру барысында өтінімдердің рекордтық саны – 462 келіп түсті. Сараптамалық қорытындының нәтижелері бойынша осыдан 1 млрд. 632 млн. теңге сомаға 51 жоба қолдау тапты. Қалған өтінімдер қарау үстінде.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ