Главная Новости

Новости

16.03.2016
Ғарыштық технологиялар еліміздің экономикасы мен қауіпсіздігіне жұмыс істейтін болады - Марат Нұрғожин

АСТАНА. КАЗАҚПАРАТ – 2016 жылы  17 наурызда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (ҚҒС) құрылуының 11 жылын атап өтуде. Біз «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожинді Ұлттық компанияның ұжымы бұл күнді қандай табыстармен және келелі мәселелермен қарсы алғаны туралы айтып беруді сұрадық.  

Марат Рахмалиұлы, 11 жылдың 8 жылы Сіз компанияда жұмыс істейсіз. Соңғы үш жыл ұжымды басқарып отырсыз, оған дейін бірінші вице-президент қызметін атқардыңыз. Компанияның дамуы қалай, өз миссиясын орындау үшін ол қандай жол таңдады?  

М.Н.: Компанияның миссиясы – еліміздің экономикасының мүддесінде ғарыштық технологияларды енгізу. Және бұл міндет біртіндеп, дәйектілікпен және қисынды орындалуда. Мысалы, аса ірі еуропалық концерн Airbus Defence &Space ADS - стратегиялық әріптесімізбен алты жылдық жұмысымыздың нәтижелері бүгін ғана шығуда.  Осы жылдар ішінде ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі (ЖҚЗ ҒЖ) құрылды, бірегей жоғары технологиялық нысан – ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенінің (ҒА ҚСК) құрылысы басталды, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымы іске кірістірілді. Бұған қоса, ҚР ЖҚЗ ҒЖ және ҒА ҚСК құрудың негізгі шарттарының бірі ғарыштық технологиялар трансферті болды. Яғни біздің қазақстандық мамандар жерсеріктерді басқаруды ғана емес, ғарыш аппараттарын жасауды да үйренді. 

ЖҚЗ ҒЖ пайдалануы қалай жүруде, табыстар қандай, қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсеріктерімен проблемалар бар ма? 

М.Н. 2015 жылы біз штаттық пайдалануға тұтас ЖҚЗ ғарыш жүйесін қабылдадық, оған 1 метр жоғары айыру қабілетімен KazEOSat-1 және 6,5 метр орта  кеңістікті айыру қабілетімен KazEOsat-2 екі жерсерігі кіреді. Жерсеріктерді жер үсті  басқару және ғарыш түсірілімдерін өңдеу кешені өзінің жұмысын 2014 жылы бастады. ЖҚЗ екі ғарыш аппараты Жердің тәуліктік мониторингін жасай отырып, штатты режимде жұмыс істейді. Мысалы, бір тәуліктің ішінде KazEOSat-1 220 мың ш. км. дейін, KazEOsat-2  1 млн. ш. км дейін ғарыштық түсіру жүргізе алады. Барлығы 150 млн. ш. км-ден астам ғарыш суреттері түсірілді және өңделді, олардың көбі біздің бірегей мұрағатымызда сақталуда. Бір бөлігі тапсырыс берушілерге – ауыл шаруашылығы министрлігіне, қорғаныс министрлігіне, ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетіне және басқаларға тапсырылды. 

Қарапайым адамға ғарыштан суретке түсіру үдерісі және оларды өңдеу қайлай өтетінін және ЖҚЗ өнімімен кім және қалай пайдаланатынын түсіндіріңзші. 

М.Н.: Суретке түсіру үдерісі клиенттің қойған міндеттерінің мазмұнына байланысты. Ең алдымен келіп түскен өтінімдерді инженерлер түсіру үшін қажетті параметрлердің – географиялық координаттар, режим, түрі, тұсіру кезеңі және т.б. болуын талдайды. Талдау қорытындылары бойынша өтінім миссияны жоспарлау блогыға тапсырылады, онда жерсерік үшін жұмыс жоспары жасалады және басымдықтар айқындалады. Жасалған жұмыс жоспары айыру қабілеті жоғары және орта жерсеріктерге беру үшін жер үсті басқару кешеніне тапсырылады. Ғарыш аппараты түсіру жүргізеді және материалдарды жер үсті өңдеу кешеніне береді, онда материалмен инженерлер жұмыс жасайды. Жер үсті кешенінде түсірілімдерді қабылдау және алғашқы өңдеу әрі одан әрі FTP арнасы бойынша клиентке тапсыру жүргізіледі. 

Мысалы, ғарыштан түсірілген біздің суреттеріміз Қарағанды облысындағы су тасқынымен, Алматы облысындағы селмен төтенше жағдайларды бақылауға, Арал теңізінің түбіне мониторинг жүргізуге, еліміздің солтүстік астық қорындағы егістік алаңдары мен егін жинау сапасын реттеуге көмектесті.

Еліміздің мемлекеттік және жергілікті органдарына нақты қызметтер көрсетілді, ЖҚЗ ҒЖ іске кірістірілуіне арналған бюджеттік бағдарлама қолдау тапты, ішкі нарыққа сияқты, сондай-ақ бүкіл әлемге 22 дистрибъюторлық келісім жасасты. Биыл  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жобалық басқарудан жұмыстың өндірістік нысанына ауысады және біз өз өнімімізді шығара бастаймыз. Көбінесе біз 2016 жылы ЖҚЗ ҒЖ қызметтерінен, ЖЖНЖ қызметтерні қоса алғанда, 2 млрд. теңге сомаға пайда табуды және шетелдік ЖҚЗ деректерінің нарығында тауаша алуды жоспарлап отырмыз. 2019 жылға қарай компанияның зиынсыздығына шығуды жоспарлаймыз.


ADS-пен бірге іске асырылып жатқан тағы бір ірі жоба бұл ҚСК құрылысы. Мұндағы жағғдай қалай?  

М.Н. Ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешені – өте күрделі нысан, ол қазіргі заманғы технологиялық жабдықпен жарақталған. Нысанның құрылысы кезінде Қазақстаның құрылыс саласында сирек кезедесетін алдыңғы қатарлы технологиялар қолданылады. Мысалы, реверберациялық акустикалық камера салынған кезде, өздігінен тығыдалатын құрылым бетоннан жасалған құрылым 156 дБ. акустикалық жүктемені көтеруі тиіс. Жобаны осы саладағы жетекші француз компаниясы SEREME әзірледі. Бірақ, барлық туындаған техникалық қиындықтарға қарамастан. Тапсырыс берушінің, бас мердігердің және жоба авторларының бірлеске күшімен құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Бұдан басқа, осы уақыт ішінде ҚСК жобасының қазақстандық қамтылуы 10 пайыздан 55 дейін өсті. Нәтижесінде жобалау-сметалық құжаттама өзгертілді. Қазір жобаның қаржы-экономикалық негіздемесі түзетілуде. Кәбіл өнімінің, ЭВТИ пленкасының және күн бергіштері өндірісінің таза  бөлмедерінің жұмыстары аяқталуда, 3Д принтер іске қосылды. Мамандардың үлкен тобы Airbase Defence &Space   біздің стратегиялық әріптесіміздің кәсіпорындарында ғарыш аппаратарын жобалау және құрастыру бейіні бойынша оқыды және сертификат алды. ADS-пен қосымша келісім негізінде 2016 жылы ҒА ҚСК технологиялық жабдығы Қазақстанға толық тасымалданады, бұл жоба шеңберіндегі одан арғы жұмыстардың шығындарын оңтайландыруға әкеледі. ҒА ҚСК құрылысы 2017 жылдың соғына қарай аяқталу үшін біз қажеттінің барлығын жасаймыз және Ұлттық ғарыш орталығының (ҰҒО) «жүрегі» жұмыс істеп кетеді. Және құрылған «Ғалам» Қазақстан-Франция бірлескен кәсіпорыны 100 кг-нан 6 тоннаға дейін масса диапазонындағы әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын жобалауға, құрастыруға және сынауға кіріседі. 

Өзіміздің меншікті жерсеріктерімізді жобалау жөнінде атқарымдар бар ма?  

М.Н.: Біздің компания ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құруды жетістіктерінің бірі деп айта алады. Салмаға шамамен 120 кг технологиялық жерсерік біздің қазақстандық мамандардың қатысуымен әзірленді, оны жобалау біздің әріптесіміз  Гилфордтағы SSTL британ компаниясының залдарында өтуде,  ұшырылуы 2017 жылға жоспарланды. Осы ғарыштық жерсерік Қазақстанның ҰҒО жасалған жерсеріктердің жаңа буынының алғашқы жаршысы болады.  Бізде радарлы жерсерік жөнінде де атқарымдар бар. 

Біз ҚҒС компаниясы 2015 жылы ҚР Жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын (ЖЖНЖ ЖИ) жасағанын білеміз. Осы жобаны аяқтаудың негізгі қорытындысы қандай, бұл бағытты одан әрі қалай дамытуды жоспарлайсыздар?    

М.Н.: Қазақстандық мамандар құрған және Қазақстанның бүкіл аумағында орналасқан 60 дифференциалды стансалар  желісінің көмегімен, біз геодезия, топография, жерге орналастыру, кадастр, картография, инженерлік іздеулер, теміржол көлігі, құрылыс, ауылшаруашылық, геодинамикалық зерттеулер және т.б. міндеттерін шешу үшін жоғарыдәлдікті координаттық-уақытша ақпарат береміз. ЖЖНЖ одан әрі дамыту үшін біз тұтынушылардың навигациялық аппаратурасының тәжірибелі өндірісін іске кірістірдік. Бұдан басқа, ЖЖНЖ сәйкестікті бағалау зертханасы аккредиттелді,  біздің мамандар әзірлеген кеңістіктік ұзына бойлы нысандар мониторингі жүйесі қатарға енгізілді. Сонымен қатар, ЖЖНЖ орталығының мамандары ҚР мемлекеттік жерсеріктік геодезиялық желі құру негіздемесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтады.  Жалпы, жобаны дамыту үшін мүмкіндіктер аз емес және мен ЖЖНЖ орталығы қызметкерлерінің кәсібилігі мен бастамашылығын тап өткім келеді. 

ҚҒС көптеген келушілері мен қонақтары Ұлттық ғарыш орталығының (ҰҒО) бірнеше блоктардан тұратын үлкен және әдемі макетін көрді. Аулада қазір жаһандық қаржы дағдарыс кенін ескерсек, мамандар жұмыс істейтін және тұратын ғарыш қалашығын құру идеясы іске асырыла ма?  

М.Н.: Бұған сенгіміз келеді. Біз бюджеттен тыс инвестициялар шеңберінде Ұлттық ңғарыш орталығының 2-кезектегі құрылысын іске асыруға кірістік.  Бұл ішіне кірістіріліп салынған бөлмелер мен паркингтермен тұрғын үй кешенін, балабақшаны, сауда-ойын сауық кешенін, қонақүйді, спорттық-сауықтыру кешенін, планетаримен ғарышнама мұражайын қамтиды. Сондықтан біздің жоспарларымыз жақсы. Қазіргі ғарыштық технологиялардың даму орталығы болатын, Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығын салуға жоғары мемлекеттік деңгейде басмашылық жасалғаны қуантады.  Қазір инвестициялар тарту жұмыстары жүргізілуде.  

Жекешелендіруге жататын кәсіпорындар тізімінде біз  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ көрдік. Еліміздің қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге арналған қазіргі ғарыштық технологиялары бар стратегиялық маңызды объектті жеке меншікке беру мүмкін бе? 

М.Н. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмасы бойынша бұл мәселе жөнінде Қазғарыш «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ бірге біздің стратегиялық әріптесіміз  ADS және Француз Республикасының Қорғаныс министрлігімен келіссөз жүргізуде.  Француз тарабымен келіссөз қорытындылары бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  жекешелендіру мәселесі жөнінде соңғы шешім қабылданады.  

Сізді және «ҚҒС» ҰК» АҚ ұжымын  компанияның құрылу күнімен және келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймыз, Қазақстанның қиын ғарыш жолында жаңа табыстар тілейміз. Сұхбатыңызға рахмет.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ