Главная Новости

Новости

29.03.2016
Мемлекеттік комиссия «KazEOSat-2» қазақстандық жерсерікті қабылдауды аяқтайды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Құрамында ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің, Қазғарыш кәсіпорындарының, «Ғалам» БК мамандары бар мемлекеттік комиссия айыру қабілеті орта Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін (АҚО ЖҚЗ ҒЖ) қабылдау жұмыстарын аяқтауда, деп хабарлайды Қазғарыштың баспасөз қызметі. 

АҚО ЖҚЗ ҒЖ-ға 6,5 метр кеңістікті айыру қабілетімен «KazEOSat-2»   ғарыш аппараты, сондай-ақ Астана қ. ғарыш түсірілімдерін басқару және өңдеу жерүсті мақсатты кешені кіреді.   

«KazEOSat-2» қазақстандық ЖҚЗ жерсерігін «SSTL» британдық компаниясы жасады, ол «Airbus Defence & Space» француз компаниясының бас мердігері болып табылады. 

Отырыс барысында мемлекеттік комиссия ЖҚЗ жерсерігінің жүмыс жағдайларын және оны Қазақстан экономикасының салаларында пайдалану мүмкіндіктерін зерттеді.  

«Пайдалануға қабылданған күнінен бастап өткен үш айда «KazEOSat-2» жерсерігі штатты режимде жұмыс істейді» - деп баяндады комиссия мүшелеріне «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин.  

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ («ҚҒС» ҰК» АҚ) мамандары ЖҚЗ ҒЖ өнімдері мен қызметтерін жылжыту жұмыстары қалай жүріп жатқанын мемлекеттік комиссия мүшелеріне айтып берді.  

«ҚҒС» ҰК» АҚ мен «SSTL» компаниясының арасындағы штаттық пайдалануға енгізілгеннен кейін бірінші жыл ішінде ағылшын тарабы айыру қабілеті орта жерсеріктің түсірілімдерін кепілді негізде сатып алу туралы уағдаластық бізге табысты бастауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті М. Нұрғожин. 

Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша Қазғарыш төрағасының орынбасары, АҚО ЖҚЗ ҒЖ қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Мейірбек Молдабеков «ҚҒС» ҰК» АҚ «KazEOSat-2» жерсерігіне меншік және тәуекел құқығын алғаннан кейін оны коммерциялық мақсаттарды тиімді пайдалануы тиіс деп атап өтті. 

Бірінші отырыстың қорытындылары бойынша мемлекеттік комиссия қарау хаттамасына қол қойды. АҚО ЖҚЗ ҒЖ соңғы қабылдауы 2016 жылдың сәуірінде күтілуде.  

ЖҚЗ ҒЖ екі оптикалық-электронды ғарыш аппаратына (ҒА): «KazEOSat-1» кеңістікті айыру қабілеті жоғары (1м), «KazEOSat-2» кеңістікті айыру қабілеті орта (6,5 м), сондай-ақ жерсеріктерді жерүсті басқару кешені және ЖҚЗ деректерін қабылдау, өңдеу және соңғы тұтынушыларға тарату үшін жерүсті мақсатты кешені кіретінін еске салайық. 

«KazEOSat-1» кеңістікті айыру қабілеті жоғары бірінші қазақстандық жерсерік 2015 жылы маусымда штаттық пайдалануға қабылданды, «KazEOSat-2» кеңістікті айыру қабілеті орта екінші қазақстандық жерсерік Қазақстанның меншігіне өткен жылғы желтоқсан айында тапсырылды. 

Қазіргі уақытта екі ЖҚЗ ғарыш аппараты тәулік бойы Жерді бақылай отырып, штаттық режимде жұмыс істейді. 

Мысалы, «KazEOSat-1» жерсерігі тәулік ішінде 220 мың ш. км-ге дейін,  «KazEOsat-2»  1 млн. ш. км-ге дейін ғарыштық түсіру жүргізе алады. Пайдаланған сәтінен бастап 150  млн. ш. км-ден артық ғарыштық түсірілімдер түсірілді және өңделді. Оның көбі «ҚҒС» ҰК» АҚ бірегей мұрағатында, бір бөлігі – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне, ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР ІІМ ТЖК және басқаларға берілді. 

ҚР ЖҚЗ ҒЖ ел аумағының шұғыл мониторингтік ақпаратын алуда, сондай-ақ экономика салаларының, ҚР қорғаныс қабілеттігі мен ұлттық қауіпсіздігі міндеттерін шешуде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге арналған, деп атап өтті Қазғарыштың баспасөз қызметі.

IMG_2698.JPG

IMG_2707.JPG

Боровое_10000.jpg

Маркаколь_ЮВ_берег_1х1_М5000_съемка200814.jpg



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ