Главная Новости

Новости

02.04.2016
Ғарышкер А.Айымбетов Стамбулда «ISAW 2016» әуе операциялары жөніндегі симпозиумда сөз сөйледі

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері «Халық Қаһарманы» Айдын Айымбетов Стамбул түрік қаласындағы  «ISAW 2016» әуе операциялары жөніндегі халықаралық симпозиумға қатысты. Бұл туралы Түркиядағы Қазақстанның Елшілігі хабарлады. 

Симпозиумді түрік Әскери-әуе күштері академиясы ұйымдастырды, онда әскери-ғарыш күштерінің мүмкіндіктері және оларды қолдану келешегі талқыланды.   

Симпозиум биыл үшінші рет өткізілді. Оған әлемнің 53 елінен 1000 астам өкілі қатысты. Іс-шара барысында әлемдік ғарыш саласының  мүмкіндіктері мен келешегі талқыланды. Әскери-әуе ғарыш күштерін, соның ішінде ұшқышсыз ұшатын аппараттарды, ультрадыбысты ұшу аппараттарды, зымыран және жерсеріктік салаларда қолданатын арнайы электронды жүйелерді белсенді пайдалану байқалады. 

Өзінің сөйлеген сөзінде қазақстандық ұшқыш-ғарышкер А.Айымбетов ғарышта болған тәжірибесімен бөлісті, өз сезімдері мен жаңа танымдары туралы айтып берді. 

«Ғарыштан жерге қарағанда, елдер арасындағы шекара кескіндері көрінбейді. Мен жер шарындағы барлық халықаралық проблемалар мен шиеленіс жағдайлар тек бейбіт жолмен шешілгенін қалар едім», - деп түйіндеді сөзін  А.Айымбетов. 

Сондай-ақ, А.Айымбетов 2003 жылы Стамбулда ҚР Президенті Н.Назарбаевтің қатыусымен ашылған Абай атындағы мектепке де барып шықты. Ғарышкермен кездесуге Түркиядағы қазақ диаспорасының, Зейтинбурну стамбулдық ауданның өкілдері, қоғам қайраткерлері, оқытушы құрам және мектеп оқушылары қатысты.   

Сонымен қатар, Түркиядағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға жергілікті саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми және іскерлік топтардың өкілдері, қазақ студенттері, сондай-ақ Стамбул қ. этникалық қазақтар тұратын аса ірі орын болып табылатын  Зейтинбурну ауданының басшылығы қатысты.


null

null

null


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ