Главная Новости

Новости

11.04.2016
Айдын Айымбетов Ақтөбеде Ғарышнама аптасын ашты

АҚТӨБЕ. ҚАЗАҚПАРАТ -  Ақтөбеге ҚР ұшқыш-ғарышкері,  Халық ҚаҺарманы Айдын Айымбетов екі күндік сапармен келді. Оның келуінің мақсаты – қалада адамның ғарышқа алғашқы ұшуының 55 жылдығына орайластырылған дәстүрлі ғарышнама аптасын ашу. 

Қонақ Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бигельдиновтың атындағы Әуе күштері әскери институтының курсанттарымен және Кеңес Одағының Батыры Виктор Пацаев оқыған Алға қ. №2 орта мектебінде жастармен кездесу өткізіп үлгерді. 

Сондай-ақ, Айдын Айымбетов облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  оқушылармен кездесті. Қадірлі қонаққа оқу сыныптары бойынша экскурсия ұйымдастырды және оқушылардың шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарының көрмесімен таныстырды. 

Айдын Айымбетовті сегізінші сынып оқушысы  Ляззат Данаева әзірлеген электр магниттік өрістің көмегімен ғарыш аппараттарын ұшыру жобасы қызықтырды. Оқушы болашақ ұқсас технологияларда екеніне сенімді: массаның электр магниттік үдеткіштері экономикалық тұрғыдан ғана пайдалы емес, олар экологиялық жағынан қауіпсіз болады. НЗМ оқушыларының ғылыми зерттемелерін қарап Айдын Айымбетов олардың біліміне және оқуға деген ынталарына таңғалды.
«Ғарыш саласының әлеуеті зор. Соңғы уақытта жер маңындағы орбитада түрлі эксперименттер өткізу ғана емес, Айға ұшуды қайта бастау, сонымен қатар планетааралық ұшулар туралы мәселе көтерілуде», - деп хабарлады ғарышкер. Бұл ретте ол жас қазақстандықтардың таланты мен білімі елімізде ғарышнаманы дамытудың басты құрамдауышы болуы тиіс екенін атап өтті. 

Оқушылармен мектептің мәжіліс залында өткен кездесуде ұшқыш-ғарышкер оларды қызықтырған барлық сұрақтарына жауап берді. 

Сосын Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Ғарышнама аптасының ашылуына салтанатты рәсім өтті. Жиналғандардың алдында сөз сөйлей отырып, Айдын Айымбетов  Ақтөбеде дәстүрлі өтетін бұл іс-шара қазіргі ғарышкерліктің жетістіктерін елге әйгілеу, демек осы саланың дамуы үшін  аса маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығы.
Ақтөбеде ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры Виктор Пацаевтің ескерткішіне гүл қойды.

null

null


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ