Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

12.04.2016
Қазғарыштың қызметкерлері «ғарыштық» Наурызды тойлады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Адамның ғарышқа алғашқы ұшқан халықаралық күні қарсаңында Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығында (ҰҒО) Наурыз мейрамы мен ғарыш саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған үлкен мереке өтті. 

«Бүгін Қазақстан үш ғаршкері бар және ең озат ғарыш технологияларға ие елдердің бірі болып табылады» -деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Ерғазы Нұрғалиев. 

12 сәуір  -  ғарыш қызметімен айналысатын адамдардың барлығы үшін, соның ішінде еліміздің инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын іске асырушы Қазғарыштың барлық қызметкерлері үшін ерекше күн, деп атап өтті ол.  

«Ғарышнама күнінің құрметіне «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ дәстүр бойынша Қазғарыштың жүлдесіне спорттық турнир ұйымдастырады және өткізеді. Сондай-ақ, біз ҰҒО аумағында алғашқы рет Наурыз мейрамын тойлаймыз, оны біздің ұжым жақсы нәтижелермен қарсы алуда, - деді  «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин.  

Бұл күні «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ қызметкерлерінде  отбасының мүшелерін, балаларын ғарыш орталығына экскурсияға шақыруға және өзінің жұмыс орындарын көрсетуге, өз жұмысы туралы айтып беруге мүмкіндік болды.  

Толық жасақталған қазақтың киіз үйі, алтыбақан орнатылған ҰҒО алдындағы алаңда армрестлинг, арқан тарту жарыстары қызу жүріп жатты, оған балалар да белсенді қатысты.  

Мерекелік іс-шараның қатысушылары мен қонақтарын, 2016 жылдың басынан компанияның вице-президенті болып істейтін және жерсеріктік жүйелер мен ғарыштық технологиялар блогына басшылық ететін қазақстандық ғарышкер  Айдын Айымбетов құттықтады. Айтпақшы, Айдын Ақанұлы «қол курес» жарысында жеңімпаздардың бірі болды.  

Наурыз құрметіне арналған үлкен көркемөнерпаздық концерт бағдарламаның шарықтау шегі болды. Жерді қашықтықтан зондтау, геоақпараттық технологиялар орталықтарының мамандары, сондай-ақ құрылыс және пайдалану басқармасының қызметкерлері ерекше шығармашылығымен көзге түсті.  

Мерекелік іс-шарада «Байқоңыр» жаңа өлеңінің тұсаукесерімен композитор Марат Төлбаев шықты. «Маған бұл өлеңді жазуыма Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуы ықпал етті және мен оны Қазғарыштың қызметкерлерінің алдында алғашқы рет орындағым келді», -деп атап өтті композитор.  

Мерекелік бағдарламаның соңында үстел үсті теннисі турнирінің қорытындылары шығарылды. ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің басшылары ғарышкерлер күніне арналған турнир қатысушыларын құттықтады, жеңімпаздарға медальдар мен дипломдар тапсырды.

Ауыспалы кубок  ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов бас болған Қазғарыш командасына тапсырылды. Үстел үсті теннисі турнирінде екінші орынды  «Ғалам» БК кәсіпорыны, үшінші орынды «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ командасы алды. 

null

null

null

null
null
null
null

IMG_3295 (2).jpg

null

null

null

null
null
null


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ