Жаналықтар — gharysh.kz
Главная Новости

Жаналықтар

06.05.2016
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да генерал Айымбетовті құттықтады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ-да ҚР Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.    

Ұлттық компанияның қызметкерлері отбасылық альбомдардан алынған мұрағаттық суреттер аясында өздерінің әкелері мен аталарының әскери ерлігі туралы әңгімелей отырып, «Мәңгілік полк» акциясына қосылды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларын бір минут үнсіздікпен құрметтеп еске алды. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ұжымын ерлер ұжымы деп атауға болады, себебі мұнда жұмыс істеп жүрген әйелдермен салыстырғанда, ерлердің саны екі есе көп.  Оның үстіне, қызметкерлердің көбі әскерде қызмет еткен запастағы кадр офицерлері.  

Статистика бойынша, мұнда 20-дан астам запастағы кадр офицері еңбек етеді, олардың 11 полковник, 6 подполковник, 2 майора, аға лейтенант және прапорщик.  

Бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапары» офицерлер құрамы ең жоғары шенмен толықтырылды. ҚР Президентінің Жарлығымен ұшқыш-ғарышкер, ҚР Халық Қаһарманы, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  вице-президенті Айдын Айымбетовке  ҚР авиация генерал – майоры атағы берілді.  

«Алғашқы, осы қауанышыммен бөліскім келген менің туған ұжымым болды», - деді Ақ Ордада белгі салтанатты тапсырылғаннан кейін Ұлттық ғарыш орталығына келген Айдын Айымбетов.  

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нурғожин бүкіл ұжымның атынан ғарыштық технологиялар вице-президенті Айдын  Айымбетовті ҚР авиация генерал – майоры лайықты әскери атағымен құттықтады.  «Жұмыстың ең жауапты учаскелерінің біріне нағыз батыр, генерал басшылық ететінін мақтан тұтамыз, біз табысты болатынымызға сенімдіміз», - деді М. Нұрғожин.  

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ұжымының әйелдер жартысы дайындаған мерекелік бағдарлама ешкімді немқұрайды қалдырмады.  Онда осы бейбіт өмірді сыйлаған жеңімпаз-жауынгерлерге құрмет, Отан қорғаушыларға алғыс сөздер, қазақстандық ғарыш қорғаушыларына табыс тілектер болды.

IMG_3999 (2).jpg

IMG_3984 (2).jpg

IMG_4014 (2).jpg


Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ