Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

22.04.2016
Қазақстандық жерсеріктер елдің мемлекеттік органдарына 1000-нан астам ғарыштық түсірілімдер ұсынды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – 2016 жылғы бірінші тоқсан ішінде Қазақстанның мемлекеттік органдарына ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ ҒЖ) көмегімен алынатын 1 мыңнан астам түсірілімдер ұсынылды, деп хабарлайды Қазғарыштың баспасөз қызметі. 

Баспасөз релизде айтылғандай, бүгін ҚР ИНвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ («ҚҒС») республиканың мемлекеттік органдары мен ұйымдарына ғарыш түсірілімдерді  өтеусіз негізде ұсынады. 

«ҚР ЖҚЗ ҒЖ-дан алынатын ғарыштық түсірілімдерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұсыну бойынша қызметтер» республикалық бюджеттік кіші бағдарламаға сәйкес, 2016 жылы 1 тоқсанда «KazEoSat - 1» ҚР ЖҚЗ ҒЖ айыру қабілеті жоғары жерсеріктен 1 108 ғарыштық түсірілім ұсынылды. 

Өтінімдерге сай түсірілімдер ҚР Бас прокуратурасы, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті, ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті, ҚР ҚМ ВКП орталығы, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР ІІМ БҚО ІІД сияқты мемлекеттік органдарға берілді, деп хабарлайды баспасөз-релизі. 

«KazEoSat - 2» айыру қабілетіт орта ҚР ЖҚЗ ҒЖ жерсерігінен алынған 247 ғарыштық түсірілім ҚР ІІМ қылмысты істер полиция департаментіне, ҚР ҚМ ВКП орталығына, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне, ҚР Энергетика министрлігіне жолданды. 

Жоғары қосылған құнымен геоөнімдерді және ұсынған ғарыштық түсірілімдер негізінде геосервистер құру бойынша консультациялық қызметтер көрсету шеңберінде салалық сипатта консультациялар өткізілді. Атап айтқанда, сөз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің ауылшаруашылық өндіріске ғарыштық мониторингі туралы. 

Сонымен қатар, ЖҚЗ ҒЖ өнімдерін пайдалану бойынша меморгандар өкілдері табысты оқыды, нәтижесінде оларға сертификаттар берілді. Қазіргі уақытта «ҚҒС» ҰК» АҚ мамандары ЖҚЗ жөнінде оқыған мемлекеттік органдар қызметкерлерімен консультациялар өткізуде, деп атап өтті Қазғарыштың баспасөз қызметі.

__11_5000-800.jpg 

___11_5000_200814-800.jpg


_10000__800.jpg



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ