Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

27.04.2016
Қазақстанға Ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешені үшін технологиялық жабдық жеткізілетін болады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ. Қазғарыштың «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мамандары (бұдан әрі – «ҚҒС» ҰК» АҚ) Астана қаласында салынып жатқан Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені (бұдан әрі – ҒА ҚСК) сынау учаскелерінің жабдықтарын тасымалдауға дайындықты зерделеу үшін Льеж қаласына (Бельгия) жіберілді. 

ҒА ҚСК құру жобасын «ҚҒС» ҰК» АҚ стратегиялық әріптес – «Airbus Defence&Space» француз компаниясымен бірлесіп орындауда. 

2010 жылы ҒА ҚСК жобасын іске асыру және оны одан әрі пайдалану мақсатында қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны «Ғалам» ЖШС құрылған болатын, олардың Қазақстан тарапынан құрылтайшылары «ҚҒС» ҰК» АҚ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, ал француз тарапынан – «Airbus Defence&Space» компаниясы болып табылады. 

ҚСК пайдалануға тапсыру мерзімі 2017 жылдың соңына жоспарланған. 

«ҚҒС» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин: «ҚСК құру жобасын іске асыру кезінде қазақстандық мазмұнды арттыру мақсатында құрылтайшылар Ғарыш аппараттарын (бұдан әрі – ҒА) құрастыру және сынау жөніндегі ҚСК функцияларын кеңейту туралы шешім қабылдады. Енді ҚСК-де ҒА жобалау ғана емес, ҒА үшін құрауыштар жасау да жүзеге асырылатын болады.»,– деп атап өтті. 

Осы ұстанымды қуаттай отырып, «Airbus Defence&Space» компаниясы қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны «Ғалам» ЖШС-ке ҚСК пайдалануға берілгеннен кейінгі алғашқы бес жыл ішінде ҒА-ның жекелеген құрауыштарын жасау үшін кепілдендірілген тапсырыс беру міндеттемесін өзіне алды. 

ҒА ҚСК-де мынадай сынау учаскелері жұмыс істейтін болады: термовакуумды камералар, ықшамдалған антенналық полигон, электр-магнитті сыйымдылығы бар камера, реверберстелген акустикалық камера, вибрациялық жүйе, массалардың қасиеттерін өлшеу жүйесі, деректерді жинақтау жүйесі, жерүсті қосалқы механикалық жабдығы. 

Қазіргі уақытта ҚСК сынау учаскелерінің барлық технологиялық жабдықтары жасалған, зауыттық сынаулар жүргізілген. Қазақстанға технологиялық жабдықты жеткізу 2016 жылдың екінші жартысына жоспарланған, деп хабарлайды Қазғарыштың баспасөз қызметі. 

«Ғалам» БК бас директоры Баубек Оралмағамбетовтің ақпараты бойынша Ұлттық ғарыш орталығының алаңдарына 3-D принтинг учаскесі құрылған, уақытша өндірістік учаскелер құру (кабельдік өндіріс, ЭВТИ өндірісі, электрондық жиынтықтауыштар өндірісі) жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол: «Бұл 2016 жылдың өзінде-ақ ғарыш аппараттарына арналған құраушы элементтерді жасауға «Airbus DS» кепілдендірілген тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп санайды. 

ҚСК пайдалану және 2013-2015 жылдар аралығында өндірісте тәжірибесі бар ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы үшін кадрларды даярлау мақсатында стратегиялық әріптес – «Airbus D&S» кәсіпорындарында 28 қазақстандық маманның, сондай-ақ 3D-принтинг учаскесінің 6 операторының тағылымдамадан өткенін ерекше атап кеткен жөн. 

Қазіргі уақытта ҒА ҚСК ғимаратының құрылыс дайындығы – 80%-ды, ҚСК ғимараты – 20%-ды құрайды. Тәжірибелік өндірісі бар ҚСҚ және ҒТ АКТБ ғимараттарының құрылысын аяқтау 2016-2017 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарлануда. 

ҒА ҚСҚ жобасын іске асыру нәтижесінде Қазақстанда ғарыш аппараттарын жобалау, құрауыштарын жасау, құрастыру және сынау бойынша жұмыстарды толық жүзеге асыруға қабілетті, өзіндік жоғары технологиялық кәсіпорын құрылатын болады. 

Алдыңғы қатардағы озық ғарыш технологияларын трансферттеу және игеру, біліктілігі жоғары инженерлік-техникалық қызметкерлерден жасақталған кадр құрамы ғарыш аппараттары өндірісіндегі қазақстандық мазмұнды 55%-ға дейін (импорттауға) ұлғайтуға және 160-тан астам жұмыс орнын ашуға, сондай-ақ жерсеріктерді өндірушілердің әлемдік нарығына шығуға мүмкіндік береді деп аталған «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз релизінде.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ