Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

27.04.2016
Шетелдік журналистер Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығына келіп шықты

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - 13-ші Еуразиялық медиафорум жұмысы күндері Біріккен Араб Әмірлігінен және Эфиопиядан келген  журналистер Астанада салынып жатқан Ұлттық ғарыш орталығына келіп шықты.  

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин «Абу-Даби ТВ» түсіру тобының және «Ethiopian Broadcasting Corporation» телекомпаниясының өкілдеріне Қазақстанның Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің және жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің ұлттық операторы болып табылатын компанияның жұмысы туралы айтып берді. 

Араб журналисі Әли Әбдукарим Әли Сәлем Алсалумды Қазақстан мен БАӘ ғарыш саласындағы ынтымақтастығын дамыту мәселелері қызықтырды. « Байқоңыр ғарыш айлағы бар, ғарышқа өзінің үш ғарышкерін ұшырған Қазақстан, мұсылман әлемінің мемлекеттері арасында ғарышты игеруде алдыңғы қатарлы ел болатынына сенемін», -деді ол.  

Сонымен қатар «Ethiopian Broadcasting Corporation» телекомпаниясының жаңалықтар департаментінің директоры Зелеке Тибебе Минларглиха үшін толық жобасы макетте берілген Ұлттық ғарыш орталығының даму келешегін білу қызықтырды. 

IMG_3720.JPG

IMG_3728.JPG

IMG_3733.JPG

IMG_3741.JPG



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ