Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

10.05.2016
Соғыс ардагерлерінің майдандағы махаббат тарихы олардың ұрпақтары үшін өмір мысалы болды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТКүн өткен сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларының балалары мен немерелері үшін Жеңіс күнінің мәні өсуде. Бұған күш жинап келе жатқан «Мәңгілік полк» акциясы куә.
 
Мамыр мерекелерінің қарсаңында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлері соғыстан өткен өзінің жақындары туралы өз естеліктерімен бөлісті.
 
«Мен – соғысқа қатысушының жиені үшін бұл күн - қасиетті. Менің атам мен әжем қазір тірілер арасында жоқ, бірақ біздің жадымызда, біздің жүрегімізде олар мәңгі тірі», - дейді бас бухгалтердің орынбасары Алма Оспанова. 
 
Алма  әріптестеріне өзінің ата-бабасы махаббатының таңғаларлық тарихын айтып берді. «Менің нағашы атам, анамның әкесі, Қабыкен Бектұрсынұлы Бектұрсынов 1940 жылы әскер қатарына шақырылды, оны фин соғысына дайындады. Алайда ол фин соғысына қатысқан жоқ, бірден Ұлы Отан соғысының майданынан бірақ шықты. Екінші Белорус майданында, Смоленск астында, Шығыс Пруссия шекарасында соғысты. Кіші лейтенант атағында пулемет взводының командирі болды.
 
Соғыста үш жарақат, екі контузия алды, ауыр жарақат алғаннан кейін Қазан қаласының госпиталіне түсті. Онда,  госпитальде Қашифа Мұхаметғалиқызы  мейірбике болып істеген. Комсомол қыз Қашифа үйде қала алмады. Ол майданға кетті, кейін эвакогоспитальде жұмыс істеді. Қанша жараланған жауынгерді қатарға қосуға көмектесті.
 
Осылай менің атам мен әжем танысып, бірін-бірі ұнатып қалды. Соғыстан кейін олар үйленді, атам әжемді Қазақстанға, Ақмола облысының Бестөбе кенішіне алып келді», - дейді А.Оспанова.
 
Қабыкен Бектұрсынов  Отан соғысының, Александр Невскийдің, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «Ерлік үшін» медалімен және тағы көптеген наградалармен марапатталды. Бірақ менің әжемді өмірдегі ең басты сый деп есептеді», - деп атап өтті ардагердің жиені.
 
«Соғыстан кейінгі жылдары атам мен әжем адал ниетпен еңбек етті. Атам құрметті таукенші, социалистік жарыс озаты болды, әжем «КСРО денсаулық сақтау озаты болды», - деп еске алады Алма.   
Қандай қиындық болмаса да, жас отбасы тату-тәтті өмір сүрді, үш бала өсірді, олардың барлығына білім берді. «Үлкен қызы, менің анам, Қазан қаласында фельдшер-лаборант мамандығы бойынша медициналық училищені тәмамдады, Бестөбе кенішінің ауруханасында жұмыс істеді, кіші қызы Тамбов институтын аяқтады, өмір бойы орыс тілі мен орыс әдебиетінің оқытушысы болып еңбек етті, ұлы  Свердлов институтын бітірді, таукенші болды, әкесінің жолын қуды, Бестөбе кенішінде шахта бастығы болып жұмыс істеді.  Қазір анам, оның сіңілісі мен інісі зейнеткерлер. Мен осындай адамдардың, өз жерінің нағыз батырларының, өз Отанының патриоттарының жиені екенімді ұмытпаймын және оны мақтан тұтамын!», - дейді Алма.
 
Соғыс ардагерлері Қабыкен мен Қашифа Бектұрсуновтарға бейбіт өмірді көру сәті түсті, олар сексеннен астам ғұмыр кешті.
 
Әріптестер тағдыр өз өмірінің жемісін көруге бақытты мүмкіншілік берген жеңімпаз-жаыунгерлердің махаббат тарихын зер салып тыңдады.
 «Соғыс жылдарындағы олардың ерлігі, бір-біріне деген махаббаты біз үшін үлгі», - деді сөзінің соңында Алма Оспанова.


20160505_084332.jpgCapture _2016-05-08-11-42-04-1.pngCapture _2016-05-08-11-42-04-2.png


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ