Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

11.05.2016
KazEOSat-1 қазақстандық жерсерік мерекелік тоғыздықты түсіріп алды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлері Ұлы Жеңістің 71 жылдығы құрметіне флешмоб өткізді.  

Сонымен қатар «9» саны нысанында мерекелік сапқа тұру KazEOSat-1 Жерді қашықтықтан зондтау қазақстандық жерсерік ұшуының 2 жылдығына арналды.  

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин бүкіл ел үшін және компания үшін айрықша мәнді күндермен ұжымды құттықтады. «Құрамында екі жерсерік және жерүсті басқару мен ғарыш түсірілімдерін өңдеу кешені бар біздің жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі штатты режимде жұмыс істейді», -деп атап өтті ол.  

ЖҚЗ орталығының мамандары түсіндіргендей, бұл күні  KazEOSat-1 Семей әкімдігінің тапсырысы бойынша жұмыс істеді, бірақ Астана үстінің бүйір жағын  түсіре алдық.   

«Қазақстан Ғарыш Сапары» қызметкерлерінің «9» саны нысанында мерекелік сапта тұрып «Жеңіс жасасын! Казеосат сәлем!» деп айқайлауына не бары бес ақ минут болды. Дәл осынша уақыт ЖҚЗ жерсерігі Қазақстан аумағынан ұшып өтті.  

750 километр биіктіктен ЖҚЗ жерсерігі жасаған түсірілімде Ұлттық ғарыш орталығының қызғылт-сары ғимаратының алдындағы көгал жерде 9-мамыр Жеңіс күні құрметіне «9» саны көрінеді. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ЖҚЗ орталығының ақпараты бойынша екі жыл ішінде KazEOSat-1 бүкіл әлем бойынша 20 миллионнан астам шаршы километр аумақты түсірген. 

Flash_mob.jpg

Flash_mob2.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ