Главная Новости

Новости

18.05.2016
«Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ Мәскеудегі өкілі, ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры Анатолий Арцебарский ғарыштық мерейтойын атап өтуде

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ – Бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ  Мәскеудегі өкілі, ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры Анатолий Арцебарский Лондонда, ол ғарыштық мерейтойды тойлауға қатысуда.  

25 жыл бұрын, 1991 жылы 18 мамырда Байқоңыр ғарышайлағынан «Мир» орбиталық кешеніне бортында халықаралық экипажбен  «Союз ТМ-12» ғарыш кемесі ұшып шықты. Экипаж құрамында – кеме командирі Анатолий Арцебарский, бортинженер Сергей Крикалев, зерттеуші ғарышкер Хелен Шарман (Ұлыбритания) болды.  

Ұзақ мерзімді экспедиция уақытында (144 тәулік 15 сағат 21 минут 50 секунд) Анатолий Арцебарский Сергей Крикалевпен, Хелен Шарманмен, сондай-ақ Виктор Афанасьевпен, Мұса Манаровпен, Александр Волковпен, Тоқтар Әубәкіровпен және Франц Фибекпен (Австрия) бірге ЭО-9/Juno бағдарламасын орындады.  

Ұшу барысында А. Арцебарский ашық ғарышқа ұзақтығы 32 сағат 17 минут 6 рет шықты.  

1991 жылы 10 қазанда А. Арцебарский  бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровпен және Австрияның бірінші ғарышкері Франц Фибекпен Жерге оралды.  

Ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін оған «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.    

«ҚҒС» ҰК» АҚ ұжымы  Анатолий Павловичті атаулы күнмен құттықтайды және зор денсаулық, бейбіт өмір мен береке тілейді!




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ