«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы — gharysh.kz

«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы

Жобаның мақсатыҚазақстанда ғарыш аппараттарын, пайдалы жүктеме бөлшектерін және ғарыш техникасының элементтерін құрастыру және сынау үшін технологиялық және өндірістік база құру. ҒА ҚСК пайдалануын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен «Airbus Defense and Space» (Франция) бірлескен кәсіпорны – «Ғалам» ЖШС жүзеге асыратын болады.

Өндірістік бөлімшелердің құрамына мыналар кіреді:

·         барлық жобалау және конструкторлық жұмыстардың жүргізуін қамтамасыз ететін арнайы конструкторлық-технологиялық бюро;

·         салмағы 100 кг-дан 6 тоннаға дейін ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау бойынша тұйықталған айналымды қамтамасыз ететін құрастыру-сынау кешені;

·         ғарыш аппараттарының жекелеген құрамдас бөліктерін жасауға арналған зертханалары мен өндірістік учаскелері болатын тәжірибелі өндіріс.  

 ҒА ҚСК-де құрастырылуы мен сынақтарын өткізу жоспарланған ғарыштық аппараттардың сипаттамалары:

·         массалар диапазондары: 100 кг-дан 6 тоннаға дейін;

·         әртүрлі мақсаттағы ғарыштық аппараттар, соның ішінде телекоммуникациялық спутниктер, Жерді қашықтықтан зондтау спутниктері, ғылыми-технологиялық спутниктер және басқа.

«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» жобасын іске асыру ғарыш аппараттарын, пайдалы жүктеме бөлшектерін және ғарыш техникасының элементтерін құру (жобалау, дайындау, құрастыру және сынау) жөніндегі жұмыстардың толық айналымын жүзеге асыруға қабілетті өзіне меншікті жоғарытехнологиялық кәсіпорын құруға, елімізде өз ғарыш аппараттарын құруға тапсырыстар орналастыруға және келешекте жерсеріктер өндірушілерге әлемдік нарыққа шығуына, инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктілігі жоғары кадрлық құрамын даярлауға, озат ғарыштық технологиялар трансфертін игеруге, отандық ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік әлетті дамытуға мүмкіндік береді.

 


Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ