«Ғарыш қызметі» ТК 66 стандарттау — gharysh.kz

«Ғарыш қызметі» ТК 66 стандарттау

«Ғарыш қызметі» ТК 66 Стандарттау жөніндегі техникалық комитет

         «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ негізінде Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті төрағасының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 692 бұйрығымен консультативтік-кеңестік орган -  «Ғарыш қызметі» ТК 66 стандарттау жөніндегі техникалық комитет құрылды (бұдан әрі – ТК 66).

ТК 66 өз қызметін Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі №42 бұйрығымен бекітілген Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, оның жұмысы мен тарату қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

ТК 66 қызметінің негізгі бағыттары:

·         ғарыш қызметі саласындағы техникалық реттеу мемлекеттік жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын белгілеу жөнінде ұсыныстар дайындау;

·         техникалық реттеу саласындағы норматвтік құқықтық актілерді, мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және оларға өзгерістерді  ҚР СТ 1.2, ҚР СТ 1.23, ҚР СТ 5.1, ҚР СТ 1.9; сәйкес әзірлеуге және сараптауға қатысу;

·         техникалық реттеу және мемлекеттік стандарттар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі техникалық реттеу мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламаларын ұсыныстар дайындау;

·         ТК 66 бекітілген ұйымдардың стандарттарын, Қазақстан Республикасы стандарттау жөніндегі ұсынымдарын әзірлеу, қарау, келісу;

·         қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға  өзгерістер дайындау;

·         техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөніндегі техникалық реттеу мемлекетік жүйесін дамыту бағарламаларына ұсыныстар дайындау;

·         ұйым стандарттарын, ТК 66 бекітілген объектілер бойынша Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі  ұсынымдарын әзірлеу, қарау, келісу;

·         қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзгерістерді дайындау;

·         ТК 66 бекітілген объектілерге республикада қолданылатын нормативтік құжаттардың күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;

·         республикада қолданылатын  нормативтік құжаттарды халықаралық, мемлекетаралық, өңірлік пен ұлттық  стандарттармен және шет елдердің стандарттау жөніндегі құжаттарымен сәйкестендіру және үйлестіру бойынша ұсыныстар дайындау және жұмыс жүргізу;

·         ТК 66 бекітілген  объектілерді бойынша техникалық деңгейді және қол жеткізген деңгейді бағалау.

2012 жыл

 2012-2014 жылдардағы Мемлекетаралық радионавигациялық  бағдарламаны орындау шеңберінде  ТК66 «Интернавигация»  Заманауи навигациялық технологиялар  ғылыми-техникалық орталығы» ААҚ  базасындағы «Радионавигация»  ХТК 522  Мемлекетаралық техникалық комитет құрамына кірді.  

 

Астана қаласында 2012 жылғы 9-20 қыркүйек аралығында  өткен «Зымыран және зымыран-ғарыштық техникасы» ТК 321 Ресей Федерациясының  ұлттық техникалық комитеттері, Украинаның «Зымыран және зымыран-ғарыштық техникасы» ТК 117 , Беларусь Республикасының  «Ғарыштық жүйелер мен технологиялар ТК 29 және Қазақстан Республикасының  «Ғарыш қызметі» ТК 66 өкілдерінің жұмыс кездесуінде   ТК 66 базасында  Мемлекетаралық техникалық комитет құру  бастамашылығы қабылданды.

2013 жыл

 Стандарттау,  метрология және сетификаттау  жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 2013 жылғы 6-7 маусымдағы  № 43-2013  хаттамасына сәйкес ТК 66  секретариаты  базасында  «Ғарыштық жүйелер мен қызмет» ХТК 535 құрылды.  ХТК 535 төрағасы  болып Марат Рахмалиұлы Нұрғожин тағайындалды. Ответственным секретарем МТК 535  жауапты хатшысы болып  Рүстембек Сайлаубекұлы Қонақбаев тағайындалды. 

ТК 66  «Электромагниттік техникалық құралдар үйлесімділігі. Теңіз  навигациясы мен радиобайланыс  жабдықтары мен жүйелері.  Талаптар мен  сынау әдістері» ГОСТ 32174–2013 мемлекетаралық стандарт дайындалды.

2013 жылғы 22-23 қазанда  Беларусьте Гродно қаласында ХТК 535 төрағасы халықаралық стандарттау жөніндегі  жұмыстар шеңберінде  Стандарттау бойынша  ғылыми-техникалық комиссияның 46-шы отырысының  жұмысына қатысты.   

2014 жыл

 Германияда 2014 жылғы қазан айында өткен   ИСО/ТК 20 «Авиация және ғарыш аппараттары»  пленарлы  отырысына қатысты.

ЖҚЗ ҒЖ  жобасын іске асыру үшін   алғаш рет географиялық ақпарат  саласында 5  стандарт әзірленді және бекітілді.  

 ASTM International (Матералдарды сынау бойынша америкалық институт) стандарттарын қолдану мақсатында  Сату және маркетинг жөніндегі вице-президенттің кеңесшісі  Джеймс Томас  басшылық еткен  ASTM International  мен ТК 66 өкілдерінің  жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында Америкалық әріптестермен ASTM нормативтік құжаттарымен  танысу кезеңін және ҚР ғарыш қызметіне  қызығушылық туғызатын  стандарттар тізбесін ұсыну туралы  уағдаластыққа қол жеткізілді. 

  • 2009-2013 жылдардағы  ғарыш қызметі саласындағы   әзірленген ұлттық стандарттар туралы ақпарат

Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ