«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы — gharysh.kz

«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы

Жобаның мақсаты -  ЖҚЗ екі жерсерігі, жерсеріктерді жерүсті басқару кешені мен ғарыштық деректерді қабылдау және өңдеуге арналған жерүсті мақсатты кешені кіретін Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру.    Жерүсті мақсатты кешені ғарыштық түсірілімдерді қабылдауға, өңдеуге және таратуға, сондай-ақ клиенттердің Жер бетіне ғарыштық түсірулер жүргізуге берген өтінімдеріне сәйкес ҒА ұшу тапсырмаларын жасау үшін  арналған.

ҚР ЖҚЗ ҒЖ ел аумағының жедел мониторингтік ақпаратын алуда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ экономика салаларының міндеттерін шешу, Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін  ЖҚЗ деректерін алу. 

Жоба Airbus Defense and Space жетекші еуропалық компаниямен бірлесіп іске асырылуда.

ЖҚЗ ҒЖ «KazEOSat-1» (кеңістіктік айыру қабілеті жоғары - 1 м), «KazEOSat-2» (кеңістіктік айыру қабілеті орта - 6,5 м) екі оптикалық-электрондық ғарыш аппаратын, сондай-ақ жерсеріктерді жерүсті басқару кешені және ЖҚЗ ҒЖ деректерін қабылдау,  өңдеу және соңғы тұтынушыларға таратуға үшін  жерүсті мақсатты кешенін қамтиды.

 

2014 жылы 30 сәуірде Куру ғарыш айлағынан (Француздық  Гвиана) KazEOSat-1 айыру қабілеті жоғары бірінші қазақстандық ЖҚЗ табысты ұшырылды.


KazEOSat-2  айыру қабілеті орта  ЖҚЗ ҒЖ 2014 жылғы 20 маусымда «Ясный» (Орынбор облысы, Ресей) ресейлік іске қосу базасынан ұшырылды.

ҚР ЖҚЗ ҒЖ келісімшарты шеңберінде қазақстандық мамандардың даярлығы және ғарыш аппараттарын жобалау, өндіру, құрастыру, сынау және пайдалану технологияларының трансферті жүзеге асырылды

ҚР ЖҚЗ ҒЖ деректерін экономиканың әртүрлі салаларында қолдану жөніндегі тұсаукесер:



Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ