Главная Новости

Новости

19.08.2015
2017 жылы ғарыштық аппараттарды құрастыру кешені қолданысқа беріледі
Ғарыш тақырыбын жалғастырсақ. 2017 жылы Астанада ғарыштық аппараттарды құрастыру кешені пайдалануға беріледі. Бүгінде нысанның құрылысы жүріп жатыр. Кейін Қазақстан өз аппараттарын ғарышқа шығаруға мүмкіндік алмақ.

Бұл бір жағынан судан келетін қауіптердің алдын алуға септігін тигізбек.  

Мәселен, бүгінде Қазақстан аумағында мынадай мореналық өзендер жеткілікті. Осы мұздақтардың еруі салдарынан Алматыда сел жүрген болатын. Ал болашақта жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық аппаратының көмегімен мореналық көлдерден келетін қауіпті ерте болжап, төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкіндік тумақ.

Бүгінде «ҚазЕОСат-1» және «ҚазЕОСат-2» аппараттары арқылы Қазақстан аумағын ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірін ғарыштан суретке түсіріп, бақылау жасауға мүмкіндік бар. Олар жерден 750 және 630 шақырым қашықтықта орналасқан. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы мемлекеттік органдардың тапсырысын да орындайды. Кейін суретті салалық ведомстволарға жібереді. Ал министрлік мамандары болса, табиғаттан келетін қауіптің бар-жоғын суретке қарап анықтап, сараптама жасайды.

Марат Нұрғожин, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы

 -Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жоғары сапалы ғарыш аппараты шамамен 10 млн шаршы шақырым жер аумағын суретке түсірді. Біз оларды эксперимент ретінде мемлекеттік органдарға тегін жібердік. Мәселен, Қорғаныс, Ауыл шаруашылығы министрліктері, Төтенше жағдайлар комитеті, Бас прокуратура. Сондай-ақ экологиялық мәселелерді шешу үшін де суреттер жібердік.

Жуырда болған Алматыдағы сел, көктемде Солтүстік және Орталық Қазақстан аймақтарына қауіп төндірген қызыл суды да ғарыш аппараттары түсіріп, жағдайды бақылап отырған. «Ал алдағы уақытта жоғары сапалы ғарыш аппараты арқылы табиғи апаттарды болжау да мүмкін болмақ», – дейді мамандар.

Марат Нұрғожин, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы

 -Қазір ведомствоаралық топ аясында төтенше жағдайларды ерте ескерту мәселесі қарастырылып жатыр. Ғарыштық мониторинг арқылы аумақтың сандық бедерін жасау да жоспарда бар. Мәселен, су тасқыны кезінде қолда аймақтың сандық бедері болса, біз судың жүру бағытын ерте білетін боламыз. Яғни бекеттер қойып, төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туады.

Ұлттық ғарыш орталығының 2020 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес, мұнда арнайы зертхана салынбақ. Ол өз кезегінде жерді қашықтықтан зондтау саласын жаңа деңгейге көтереді деген сенім бар. Бүгінде мұнда құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүріп жатыр.

Достық Талғатұлы, тілші

 -30 гектар жерді алып жатқан мына аумақта әзірге жерді қашықтықтан зондтау ғимараты және басқа да шағын нысандар орналасқан. Ал алдағы уақытта бұл жер ауқымды кешенге айналмақ.

Мәселен, Ұлттық ғарыш орталығы осындай кейіпке енбек. 2017 жылы мына жерде Ғарыштық аппараттарды құрастыру кешенін салу жоспарда бар. Бұдан бөлек, болашақта әкімшілік ғимарат, тұрғын үй кешінін тұрғызу, сондай-ақ балабақша салу да көзделіп отыр.

Авторлары: Достық Талғатұлы, Әнуар Тәуекелов


 www.khabar.kz

Проекты
КС ДЗЗ РК
Проект «Создание космической системы дистанционного зондирования Земли Республики Казахстан»
подробнее
СВСН РК
Проект «Создание наземной инфраструктуры системы высокоточной спутниковой навигации Республики Казахстан» (СВСН РК)
подробнее
СБИК КА
Проект «Создание сборочно-испытательного комплекса Космических аппаратов» (СбИК КА)
подробнее
ТК 66
Проект «Создание сборочно-испытательного комплекса Космических аппаратов»4
подробнее
Ғарыш Сапары

Дни космоса в Казахстане

Международный семинар «Дни космоса в Казахстане», организатором которой является АО «НК « Қазақстан Ғарыш Сапары»  посвящен созданию и функционированию космической системы дистанционного зондирования Земли Республики Казахстан. (КС ДЗЗ РК)
Цель семинара: обмен опытом с мировыми лидерами в системе ДЗЗ, информирование широкой общественности о возможностях применения продуктов и услуг КС ДЗЗ и СВСН Республики Казахстан для решения отраслевых задач экономики Казахстана.
подробнее