Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

11.04.2016
Ғарыштық технологиялар еліміздің экономикасы мен қауіпсіздігіне жұмыс істейтін болады - Марат Нұрғожин

АСТАНА. КазАқпарат - 12 сәуірде адамның ғарышқа алғаш рет ұшқанына 55 жыл болады. Осы атаулы күн қарсаңында біз «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Нұрғожин Марат Рахмалиұлынан сухбат алдық.

- Марат Рахмалиұлы, компания бұл күнді қандай табыстармен қарсы алуда, компанияның дамуы жөнінде әңгімелеп берсеңіз және өз миссиясын орындау үшін ол қандай жол таңдады? 

- Компанияның миссиясы - еліміздің экономикасының мүддесі үшін ғарыштық технологияларды енгізу. Және бұл міндет біртіндеп, дәйектілікпен және қисынды орындалуда. Мысалы, стратегиялық әріптесіміз - аса ірі еуропалық концерн Airbus Defence &Space-пен (ADS) алты жылдық жұмысымыздың нәтижелері бүгін нәтиже беруде. Осы жылдар ішінде ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі (ЖҚЗ ҒЖ) құрылды, бірегей жоғары технологиялық нысан - ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенінің (ҒА ҚСК) құрылысы басталды, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымы іске қосылды. Бұған қоса, ҚР ЖҚЗ ҒЖ және ҒА ҚСК құрудың негізгі шарттарының бірі ғарыштық технологиялар трансферті болды. Яғни біздің қазақстандық мамандар жерсеріктерді басқаруды ғана емес, ғарыш аппараттарын жасауды да үйренді.

- ЖҚЗ ҒЖ пайдалануы қалай жүріп жатыр, табыстар қандай, қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсеріктерімен проблемалар бар ма?

- 2015 жылы біз штаттық пайдалануға тұтас ЖҚЗ ғарыш жүйесін қабылдадық, оған 1 метр жоғары айыру қабілетімен KazEOSat-1 және 6,5 метр орта кеңістікті айыру қабілетімен KazEOSat-2 екі жерсерігі кіреді. Жерсеріктерді жерүсті басқару және ғарыш түсірілімдерін өңдеу кешені 2014 жылы өз жұмысын бастады. ЖҚЗ екі ғарыш аппараты Жердің тәуліктік мониторингін жасай отырып, штатты режимде жұмыс істейді. Мысалы, бір тәуліктің ішінде KazEOSat-1 220 мың ш. шақырымға дейін, KazEOsat-2  1 млн. ш. шақырымға дейін ғарыштық түсіру жүргізе алады. Барлығы 150 млн. шаршы шақырымнан астам ғарыш суреттері түсірілді және өңделді, олардың көбі біздің бірегей мұрағатымызда сақталып тұр. Бір бөлігі тапсырыс берушілерге - ауыл шаруашылығы министрлігіне, қорғаныс министрлігіне, ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетіне және басқаларға тапсырылды.

- Қарапайым адамға ғарыштан суретке түсіру үдерісі және оларды өңдеу қайлай өтетінін және ЖҚЗ өнімін кім және қалай пайдаланатынын түсіндіріп берсеңіз.

- Суретке түсіру үдерісі клиенттің қойған міндеттерінің мазмұнына байланысты. Ең алдымен келіп түскен өтінімдерді инженерлер түсіру үшін қажетті параметрлердің - географиялық координаттар, режим, түрі, түсіру кезеңі және т.б. болуын талдайды. Талдау қорытындылары бойынша өтінім миссияны жоспарлау блогыға тапсырылады, онда жерсерік үшін жұмыс жоспары жасалады және басымдықтар айқындалады. Жасалған жұмыс жоспары айыру қабілеті жоғары және орта жерсеріктерге беру үшін жерүсті басқару кешеніне тапсырылады. Ғарыш аппараты түсіру жүргізеді және материалдарды жерүсті өңдеу кешеніне береді, онда материалмен инженерлер жұмыс жасайды. Жерүсті кешенінде түсірілімдерді қабылдау және алғашқы өңдеу әрі одан әрі FTP арнасы бойынша клиентке тапсыру жүргізіледі.

Мысалы, ғарыштан түсірілген біздің суреттеріміз Қарағанды облысындағы су тасқыны, Алматы облысындағы сел секілді төтенше жағдайларды бақылауға, Арал теңізінің түбіне мониторинг жүргізуге, еліміздің солтүстік астық қорындағы егістік алаңдары мен егін жинау сапасын реттеуге көмектесті.

Еліміздің мемлекеттік және жергілікті органдарына нақты қызметтер көрсетілді, ЖҚЗ ҒЖ іске қосуға арналған бюджеттік бағдарлама қолдау тапты, ішкі нарыққа, сондай-ақ бүкіл әлемге 22 дистрибъюторлық келісім жасалды. Биыл «Қазақстан Ғарыш Сапары»  ҰК» АҚ жобалық басқарудан жұмыстың өндірістік нысанына ауысады және біз өз өнімімізді шығара бастаймыз. Көбінесе біз 2016 жылы ЖҚЗ ҒЖ қызметтерінен, ЖЖНЖ қызметтерін қоса алғанда, 2 млрд. теңге сомасына пайда табуды және шетелдік ЖҚЗ деректерінің нарығында тауаша алуды жоспарлап отырмыз. 2019 жылға қарай компанияны өзін өзі қамтамасыз ету деңгейіне шығаруды жоспарлаймыз.

- ADS-пен бірге іске асырылып жатқан тағы бір ірі жоба бұл ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы. Мұндағы жағдай қандай? 

- Ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешені - өте күрделі нысан, ол заманауи технологиялық жабдықпен жарақталған. Нысанның құрылысы кезінде Қазақстаның құрылыс саласында сирек кездесетін алдыңғы қатарлы технологиялар қолданылады. Мысалы, реверберациялық акустикалық камера салынған кезде, өздігінен тығыздалатын құрылым бетоннан жасалған құрылым 156 дБ. акустикалық жүктемені көтеруі тиіс. Жобаны осы саладағы жетекші француз компаниясы SEREME әзірледі. Бірақ, барлық туындаған техникалық қиындықтарға қарамастан, тапсырыс берушінің, бас мердігердің және жоба авторларының бірлескен күшімен құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Бұдан басқа, осы уақыт ішінде ҚСК жобасының қазақстандық қамтылуы 10 пайыздан 55%-ға дейін өсті. Нәтижесінде жобалау-сметалық құжаттама өзгертілді. Қазір жобаның қаржы-экономикалық негіздемесі түзетілуде. Кәбіл өнімінің, ЭВТИ пленкасының және күн бергіштері өндірісінің таза бөлмелерінің жұмыстары аяқталуда, 3Д принтер іске қосылды. Мамандардың үлкен тобы біздің стратегиялық әріптесіміз Airbase Defence &Space кәсіпорындарында ғарыш аппаратарын жобалау және құрастыру бейіні бойынша оқыды және сертификат алды. ADS-пен қосымша келісім негізінде 2016 жылы ҒА ҚСК технологиялық жабдығы Қазақстанға толық тасымалданады, бұл жоба шеңберіндегі одан арғы жұмыстардың шығындарын оңтайландыруға әкеледі. ҒА ҚСК құрылысы 2017 жылдың соңына қарай аяқталу үшін біз қажеттінің барлығын жасаймыз және Ұлттық ғарыш орталығының (ҰҒО) «жүрегі» жұмыс істеп кетеді. Және құрылған «Ғалам» Қазақстан-Франция бірлескен кәсіпорны 100 кг-нан 6 тоннаға дейін масса диапазонындағы әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын жобалауға, құрастыруға және сынауға кіріседі.

- Өзіміздің меншікті жерсеріктерімізді жобалау жөнінде атқарымдар бар ма? 

- Біздің компания ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құруды жетістіктерінің бірі деп айта алады. Салмағы шамамен 120 кг технологиялық жерсерік біздің қазақстандық мамандардың қатысуымен әзірленді, оны жобалау біздің әріптесіміз Гилфордтағы SSTL британ компаниясының залдарында өтуде,  ұшырылуы 2017 жылға жоспарланды. Осы ғарыштық жерсерік Қазақстанның ҰҒО жасалған жерсеріктердің жаңа буынының алғашқы жаршысы болады. Бізде радарлы жерсерік жөнінде де атқарымдар бар.

- Біз ҚҒС компаниясы 2015 жылы ҚР Жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын (ЖЖНЖ ЖИ) жасағанын білеміз. Осы жобаны аяқтаудың негізгі қорытындысы қандай, бұл бағытты одан әрі қалай дамытуды жоспарлап отырсыздар?  

- Қазақстандық мамандар құрған және Қазақстанның бүкіл аумағында орналасқан 60 дифференциалды стансалар желісінің көмегімен, біз геодезия, топография, жерге орналастыру, кадастр, картография, инженерлік іздеулер, теміржол көлігі, құрылыс, ауылшаруашылық, геодинамикалық зерттеулер және т.б. міндеттерін шешу үшін жоғарыдәлдікті координаттық-уақытша ақпарат береміз. ЖЖНЖ одан әрі дамыту үшін біз тұтынушылардың навигациялық аппаратурасының тәжірибелі өндірісін іске қостық. Бұдан басқа, ЖЖНЖ сәйкестікті бағалау зертханасы аккредиттелді, біздің мамандар әзірлеген кеңістіктік ұзына бойлы нысандар мониторингі жүйесі қатарға енгізілді. Сонымен қатар, ЖЖНЖ орталығының мамандары ҚР мемлекеттік жерсеріктік геодезиялық желі құру негіздемесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтады. Жалпы, жобаны дамыту үшін мүмкіндіктер аз емес және мен ЖЖНЖ орталығы қызметкерлерінің кәсібилігі мен бастамашылығын тап өткім келеді.

- ҚҒС көптеген келушілері мен қонақтары Ұлттық ғарыш орталығының (ҰҒО) бірнеше блоктардан тұратын үлкен және әдемі макетін көрді. Аулада қазір жаһандық қаржы дағдарыс кенін ескерсек, мамандар жұмыс істейтін және тұратын ғарыш қалашығын құру идеясы іске асырыла ма?  

- Бұған сенгіміз келеді. Біз бюджеттен тыс инвестициялар шеңберінде Ұлттық ғарыш орталығының 2-кезектегі құрылысын іске асыруға кірістік.  Бұл ішіне кірістіріліп салынған бөлмелер мен паркингтермен тұрғын үй кешенін, балабақшаны, сауда-ойын сауық кешенін, қонақүйді, спорттық-сауықтыру кешенін, планетариймен ғарышнама мұражайын қамтиды. Сондықтан біздің жоспарларымыз жақсы. Қазіргі ғарыштық технологиялардың даму орталығы болатын, Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығын салуға жоғары мемлекеттік деңгейде бастамашылық жасалғаны қуантады.  Қазір инвестициялар тарту жұмыстары жүргізілуде. 

- Жекешелендіруге жататын кәсіпорындар тізімінде біз «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ көрдік. Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қазіргі ғарыштық технологиялары бар стратегиялық маңызды нысанды жеке меншікке беру мүмкін бе?

- ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмасы бойынша бұл мәселе жөнінде Қазғарыш «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ бірге біздің стратегиялық әріптесіміз   ADS және Француз Республикасының Қорғаныс министрлігімен келіссөз жүргізуде. Француз тарапымен келіссөз қорытындылары бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  жекешелендіру мәселесі жөнінде соңғы шешім қабылдайды. 

- Сізді және «ҚҒС» ҰК» АҚ бүкіл ұжымын мерекемен құттықтаймыз, ғарышты игерумен, ғарыштық технологияларды қазақстандықтардың өміріне енгізумен айналысқандықтан, бұл мерекені Сіз кәсіби мерекем деп есептей аласыз. Сұхбатыңызға рахмет.





Проекты
КС ДЗЗ РК
Проект «Создание космической системы дистанционного зондирования Земли Республики Казахстан»
подробнее
СВСН РК
Проект «Создание наземной инфраструктуры системы высокоточной спутниковой навигации Республики Казахстан» (СВСН РК)
подробнее
СБИК КА
Проект «Создание сборочно-испытательного комплекса Космических аппаратов» (СбИК КА)
подробнее
ТК 66
Проект «Создание сборочно-испытательного комплекса Космических аппаратов»4
подробнее
Ғарыш Сапары

Дни космоса в Казахстане

Международный семинар «Дни космоса в Казахстане», организатором которой является АО «НК « Қазақстан Ғарыш Сапары»  посвящен созданию и функционированию космической системы дистанционного зондирования Земли Республики Казахстан. (КС ДЗЗ РК)
Цель семинара: обмен опытом с мировыми лидерами в системе ДЗЗ, информирование широкой общественности о возможностях применения продуктов и услуг КС ДЗЗ и СВСН Республики Казахстан для решения отраслевых задач экономики Казахстана.
подробнее