Ғарыштық мониторинг Каспий теңізінің тартылу ауқымын көрсетті
Тарихи кезең ішіндегі (15 жыл) әртүрлі уақыттағы ғарыштық түсірілім деректері бойынша Каспий теңізінің жағдайына мониторинг жүргізілді. Ғарыштық түсірілімдердің мұрағат деректеріне сәйкес, Қазақстан акваториясының солтүстік бөлігінде теңіз түбі көрінді, Каспий теңізі тартылып барады.
Каспий теңізі, 2008 жыл
Каспий теңізі, 2013 жыл
Каспий теңізі, 2018 жыл
Каспий теңізі, 2022 жыл
Каспий теңізі, 2023 жыл
Жерді қашықтықтан зондтау деректері бойынша соңғы 15 жылда Каспий теңізінің Қазақстандық секторының акваториясы айтарлықтай қысқарды (7,1%-ға).
Төменде Қазақстан Республикасының шекарасында 2008-2023 жылдар аралығындағы су бетінің ауданындағы өзгерістер динамикасы көрсетілген. Қазақстан бөлігіндегі Атырау қаласына жақын жерде (Жайық өзенінің атырауы) теңіздің кең тартылған аудандары байқалады.
Каспий теңізінің Қазақстандық секторының су беті ауданы 2008 жылы 113 866,67 км2, 2023 жылы 105 745,23 км2 құрады. 15 жыл ішінде әртүрлі уақытта түсірілген ғарыштық суреттердің анализі су беті ауданының азайғанын анықтады, бірақ теңіз деңгейі төмендегені де мүмкін, бұл жан-жақты кешенді зерттеуді қажет етеді. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі экожүйеге де, теңіз шаруашылығына да әсер ететін бірқатар жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. ЖҚЗ мәліметтері бойынша ең осал орын Атырау қаласына жақын жердегі Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігі болып табылады.
Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ