Ұлттық ғарыш орталығында шағын игі іс – Донор күні өтті
Бүгін, 8 тамызда «Қазақстан Ғарыш Сапары» және «Ghalam» ЖШС қызметкерлері Ұлттық ғарыш орталығында «Донор күні» акциясына қатысты. Акцияны 40 адам қолдағанымен, 33 қатысушы қан тапсыра алды, нәтижесінде 14 литрден астам қан жиналды.
Ұлттық ғарыш орталығына қан алу үшін Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының мобильді тобы келді. Қызметкерлер төрт донор бір уақытта бола алатын арнайы жабдықталған кабинетте қан тапсырды.
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы акцияның барлық қатысушыларына алғысын білдіреді, өйткені жыл сайын мыңдаған адам донорлық қан мен оның компоненттерін құюды қажет етеді.
Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ