Конституция күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!


обложка д.конституции (1).png


Азаматтарының құқықтары мен бостандығын ең қымбат қазына деп жариялаған Конституция еліміздің табысты дамуының негізі, қоғамымыздағы саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуының кепілі болып табылады.
Бүгінгі мереке күні Сіздерге және отбасыларыңызға мол бақыт, зор денсаулық, бейбіт өмір, таусылмас табыс, амандық тілеймін, барлық көздеген жоспарларыңыз орындалсын! Отанымыз – Қазақстан Республикасы көркейе берсін!


Басқарма төрағасы

А. Аимбетов