ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ ҒАРЫШ ЖҮЙЕСІ ОРТАЛЫҒЫ

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі (ҚР ЖҚЗ ҒЖ) KazEOSat-1 және KazEOSat-2 екі ғарыш аппараты (кеңістіктік айыру қабілеті орта және жоғары) және ЖҚЗ жерүсті сегменті арқылы жұмыс атқаруда. 

Жер үсті мақсатты кешені ғарыштық кескіндерді қабылдауға, өңдеуге және таратуға, сондай-ақ жер бетінің спутниктік кескініне тапсырыс берушілердің өтінімдеріне сәйкес ғарыш аппараттарының ұшу миссияларын құруға арналған. 

 ҚР ЖҚЗ ҒЖ-і ел аумағында жедел мониторинг ақпаратын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономика, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салаларының мәселелерін шешу үшін қашықтықтан зондтау мәліметтерін алу арқылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге арналған. ҚР ЖҚЗ ҒЖ-і ел аумағында жедел мониторинг ақпаратын алуда ҚР егемендігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының экономика, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салаларының мәселелерін шешу үшін қашықтықтан зондтау мәліметтерін алуға арналады. 

 Осы жоба AirbusDefenseandSpace-еуропалық жетекші компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады. ҚР ЖҚЗ ҒЖ-і оптикалық-электронды екі ғарыш аппаратынан (ҒА) құрылады:кеңістіктік айыру қабілеті жоғары (1 м)«KazEOSat-1» аппараты және кеңістіктік айыру қабілеті орта (6,5 м) «KazEOSat-2» аппараты, сондай-ақ жердегі спутниктік басқару кешені және ЖҚЗ деректерді қабылдауға, өңдеуге және таратуға арналған жерүсті мақсатты кешен де осы құрамға кіреді. 

 2014 жылғы 30 сәуірде Куру космодромынан (Франциялық Гвиана) кеңістіктік айыру қабілеті жоғары ЖҚЗ алғашқы қазақстандық спутнигі KazEOSat-1 сәтті ұшырылды.

 Кеңістіктік айыру қабілеті орта «KazEOSat-2» ЖҚЗ ҒА-ы 2014 жылғы 20 маусымда ресейлік Ясный базасынан (Орынбор облысы, Ресей) ұшырылды. 

 ҚР ЖҚЗ ҒЖ келісім-шарт шеңберінде қазақстандық мамандарды дайындау, ғарыш аппараттарының жобалау технологиясын трансферттеу, өндіру, құрастыру, сынау және пайдалану жұмыстары атқарылды. 

Запуск КА ДЗЗ среднего разрешения KazEOSat-2 состоялся 20 июня 2014 года с российской пусковой базы «Ясный» (Оренбургская область, Россия).

БІЗДІҢ АСПАПТАР

БІЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҒАРЫШ СЕРІКТЕРІ