Қырғыз Республикасының Ахуалдық орталығының делегациясы Ұлттық ғарыш орталығында болды

12 қыркүйекте Ұлттық ғарыш орталығына Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ахуалдық орталығының делегациясы келді.


[DISK FILE ID=n110160]

Делегация географиялық ақпараттық жүйелер орталығымен танысу, сондай-ақ ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау, ауыл шаруашылығы, су ресурстары мониторингінде қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану бойынша оқу және тәжірибе алмасу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылау мақсатында келді, т.б.


[DISK FILE ID=n110161]

Қырғыз Республикасының өкілдері «Ғалам» ЖШС бірлескен кәсіпорнында болды. Атап айтқанда, Арнайы конструкторлық-технологиялық бюроның өндірістік аумақтары, шағын ғарыш аппараттарын сынақтан өткізу зертханасы, электронды бұйымдарды шығаратын әрлеу бөлмелерімен танысты.


[DISK FILE ID=n110162]


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»АҚ
баспасөз қызметі