«Мinerals.gov.kz» Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлеріне көрсетілді

2023 жылғы 11 қыркүйекте «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерімен кеңес өткізді.


1 (115).png

Кездесу барысында «minerals.gov.kz» жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы көрсетілді және жер қойнауын пайдалану саласындағы процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша цифрлық платформаны қолданудың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.


3 (104).png

Сондай-ақ, тараптар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері үшін ғарыштық мониторинг саласында, оның ішінде салалық геосервистер мен платформаларда оқыту туралы уағдаласты.


Айта кетейік, «Minerals.gov.kz» жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы арқылы пайдалы қатты қазбаларды барлауға және өндіруге лицензия беру бойынша Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру лицензиялар беруге өтініштерді қағаз нұсқаға балама ретінде электрондық нысанда беру және қарау мүмкіндігімен өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгеннен кейін болашақта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің және мемлекет үшін ықтимал қаржылық шығындардың алдын алуға жәрдемдесуге көмектеседі.



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»АҚ
баспасөз қызметі