2023 жылы 5552 стихиялық қоқыс үйінділері табылды

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ 2018 жылдан бастап өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарына ғарыштық мониторинг жүргізеді, ол қызығушылық тудыратын 39 аймақты (оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларды, облыс орталықтарын, ірі елді мекендерді, Баянауыл, Қарақаралы ұлттық табиғи саябақтарын қоса алғанда қамту радиусы 10-нан 50 км-ге дейін) және 272 мың шаршы км-ден астам аумақты қамтиды. Мониторинг кезінде отандық KazEOSat-1 ғарыш аппаратынан жоғары кеңістіктік ажыратымдылықтағы суреттер пайдаланылады.



1 (118).png



Жыл сайын мониторинг кезеңі наурыздан қыркүйекке дейін өтеді. Қалдықтарды орналастыру орындарын тек жылы мезгілде анықтауға болады, өйткені қар басқан суреттер бақылауға жарамайды.

Ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша 5552 санкцияланбаған, 688 санкцияланған және 393 шекарасы бұзылған қоқыс үйінділері анықталды. Анықталған қоқыс объектілері Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің http://www.waste.gharysh.kz/ және http://www.wasteopen.gharysh.kz/ (бұдан әрі – геосервистерде) күн сайын жарияланады және онлайн режимінде қол жетімді.

Геосервис арқылы алынған мәліметтерді ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті бақылайды, аумақтық экология Департаменттері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қалдықтарды кәдеге жарату жұмыстарын жүргізуде.



таблица2.PNG



Жыл сайын стихиялық қоқыс үйінділері азайып келеді, бірақ тұрғындар қоқыстарды әдеттегі орындарына тастайды және біраз уақыттан кейін стихиялық қоқыс үйінділері пайда болады.

Көбінесе тұрғындар олардың қоршаған ортаға келтіретін зиянын немесе қалдықтарды кәдеге жаратудың дұрыс жолдары туралы ақпаратты білмеуі мүмкін.

Сондай-ақ, қалдықтарды кәдеге жарату үшін инфрақұрылымның болмауы салдарынан стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуда. Егер аймақта жеткілікті жинау орындары, қайта өңдеу зауыттары немесе кәдеге жарату жүйелері болмаса, тұрғындар қалдықтарды кәдеге жарату үшін басқа орындарды іздеуге мәжбүр. Бұл жаңа стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуына әкелуі мүмкін.
     

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»АҚ
баспасөз қызметі