Көрмеде MINERALS.GOV.KZ таныстырылды. Бұл көрме БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) 25 жылдығына орай ұйымдастырылған.

22-25 қарашада Баку қаласында БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) 25 жылдығына орай халықаралық көрме өтті. Бұл СПЕКА -ға мүше елдердің жетекші сала өкілдерін, зерттеушілері мен инноваторларын бір платформада біріктіретін аймақтағы айтулы оқиға.


[DISK FILE ID=n122639]


Басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Шүленбаев көрмеде әлеуетті инвесторларға инфрақұрылымнан бастап, геологиялық және геофизикалық есептерге дейін сұралған жер аумақтарына байланысты туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін «Minerals.gov.kz» жер қойнауын пайдаланушыларға арналған бірыңғай платформасын таныстырды.


[DISK FILE ID=n122641]


Көрменің мақсаты – қатысушы елдердің (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан) экономикалық әлеуетін көрсету, өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау және мемлекеттер арасындағы аймақтық экономикалық байланыстарды нығайту болды.


[DISK FILE ID=n122640]


Сонымен қатар, ҚР ЦДИАӨМ Әзірбайжанның Энергетика министрлігі, Қорғаныс өнеркәсібі министрлігі, Цифрлық даму және көлік министрлігі сияқты мемлекеттік органдармен бірқатар кездесулер өткізді. Сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Инновациялар және цифрлық даму агенттігі және Мемлекеттік статистика комитетінің өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»АҚ
баспасөз қызметі