Топырақ пен су – жердегі тіршіліктің көзі: Астанадағы FAO конференциясы

2023 жылғы 5 желтоқсанда FAO/ААҰ «Орта Азия мен Түркиядағы құрғақ және тұзды ауылшаруашылығының өндірістік ландшафттарындағы табиғи ресурстарды жоспарлы басқару» жобасы аясында Дүниежүзілік топырақ күніне орайластырылған «Топырақ пен су – жердегі тіршіліктің көзі» тақырыбында Конференция өтті.


2 (119).png



2023 жылғы Дүниежүзілік топырақ күні және оның мақсаты тұрақты агроазық-түлік жүйелері үшін топырақ пен су арасындағы байланыстың маңыздылығы туралы хабарды таратуға бағытталған.

3 (109).png



Конференцияның мақсаты – су тапшылығы мен топырақтың тозу мәселелерін шешу үшін топырақ пен суды тұрақты басқару жолдарын талқылау және тәжірибе алмасу.


4 (72).png



Жер ресурстарын ұтымды пайдалану, жайылымдық өсімдіктердің деградациясы және Қазақстан Республикасы аумағының өсімдік шаруашылығы мониторингі мәселелерін «Ауыл шаруашылығы өндірісі мен жерді пайдаланудың ғарыштық мониторингі» атты баяндамада ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «ҚҒС» ҰК» АҚ Ауыл шаруашылығы өндірісі мониторингі басқармасының бастығы Қабжанова Гүлнар Рашиденқызы атап өтті.


5 (47).png



6 желтоқсанда күн тәртібіндегі «Шөлейттенуге, жердің тозуына және құрғақшылыққа қарсы күрес жөніндегі стратегия мен іс-қимыл жоспарларында жер ресурстарын иелену және пайдалану қауіпсіздігі аспектілерін есепке алу жөніндегі Ұлттық консультация» тармағы бойынша география ғылымдарының кандидаты, PhD, «ҚҒС» ҰК» АҚ ТЖ және табиғи ресурстар мониторингі басқармасының бастығы Қабдулова Гүлжиян Аюповна орман ресурстарының ғарыштық мониторингінің нәтижелерін ұсынды.



Сонымен қатар, 7 желтоқсанда орман шаруашылығы және биоалуантүрлілік жөніндегі сарапшы Алигажиева Лимара «Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аудандарындағы тозған орман аумақтарында пилоттық орман өсіру және орманды қалпына келтіру» халықаралық жобасының нәтижелері бойынша баяндама жасады. Бұл жобаны КҒС командасы сәтті аяқтады.



Конференцияны ұйымдастырушылар, Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы және Жаһандық экологиялық қор су тапшылығы мен топырақтың тозуы мәселелерін шешу үшін топырақ пен суды басқарумен айналысатын ауылшаруашылық өндірісінің ғарыштық мониторингі өте маңыздыекенін атап өтті.