1 наурыз - Алғыс айту күні
1 наурыз-Алғыс айту күні, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен қатар келетін мереке.
Жыл сайын бұл мерекенің біздің еліміздің азаматтары үшін маңызы арта түсуде. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекенің ерекше мәні мен терең нышанын атап өтіп, "Оның құндылықтары өзара көмек пен халқымыздың мызғымас бірлігінің берік дәстүрлерін бейнелейді"- деп айтқан болатын.
Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділік, достық және махаббат мерекесіне айналды. Бұл-бейбітшілік пен келісім саясатының, қазақстандық патриотизм мен мәдени сан алуандылықтың салтанат күні.
Толеранттылықтың, өзара құрметтің арқасында бүгінде Қазақстанда 130-ден астам ұлт өкілдері бірге өмір сүріп, біртұтас және біріккен халық болып отыр. Бүгінде бұл Қазақстандағы мемлекеттік этносаясаттың сенімді негізін құрайтын біздің басты артықшылығымыз.

Құрметті әріптестер!
Ерекше мәнге толы осы күні баршаңызға табыс пен бақ-береке тілейміз.
Бейбітшілік пен өзара алғыс әрқашан біздің жүрегімізде болсын!

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»АҚ
баспасөз қызметі