Жерді қашықтықтан зондтауға арналған тұңғыш қазақстандық жер серігіне 10 жыл толды
10 жыл бұрын, 2014 жылдың 30 сәуірінде Куру ғарыш айлағынан (Франция Гвианасы) Жерді қашықтықтан зондтаудың бірінші қазақстандық жер серігі KazEOSat-1 ұшырылды. Төртінші күні ғарыш кемесі астананың ғарыштан алғашқы сынақ суреттері алынды. Ұшырылғаннан бері, яғни он жыл ішінде ғарыштан 1 551 284 түсірілімдері түсірілген. Дүние жүзінде жалпы ауданы 620 513 943 шаршы км. аумағы түсірілді.
Құрылғының кеңістіктік айыру қабылеті бір пиксельге бір метр болып табылады, оны Қазақстан үшін арнайы Airbus Defence and Space әуе-ғарыш концерні әзірлеген. Спутник күнмен синхронды орбитада қозғалады - ғарыш кемесі планетаның бір полюсынан екінші полюсіне ұшады. KazEOSat-1 спутнигінің радиокөріну аймағы континенттің кең аумағына – Таймыр түбегі мен Солтүстік Үндістанға дейін созылады. Жалпы, спутник Жерді тәулігіне 14-тен астам айналады.
Күн сайын ғарыш кемесі радиокөріну аймағында болған кезде үш күндізгі және үш түнгі сеанс жүргізіледі. Бір сессияның орташа ұзақтығы 5-10 минутты құрайды. Осы уақыт ішінде спутникке бағдарламалық командалар пакеті беріледі, сонымен қатар құрылғы жинақтаған ақпарат алынады.
Қашықтықтан зондтау ғарыш аппараттарының ресурстары шектеулі – қызмет ету мерзімі 7,5 жыл. Осыған қарамастан, KazEOSat-1 жер серігі Қазақстанның мемлекеттік органдарының мүддесі үшін бұрынғысынша жұмысын жалғастырып, жер бетін ғарыштан түсіруде.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі
баспасөз қызметі