1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі құтты болсын!
Сіздерді 1мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақты тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады.
Баршаңызды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, әрбір отбасына амандық, елімізге береке-бірлік тілейміз!