Отан қорғаушылар күнімен!

7 мамыр.png



Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


7 мамыр – бейбіт елдің тыныштығын қорғап, өз тағдырын ел тыныштығымен байланыстырған әрбір Отан қорғаушы үшін, әрбір сарбаз үшін ерекше күн. Бұл мереке егемен еліміздің Қарулы күштерінің мерейін асқақтататын, Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың, бүгінгі күні ел қорғап жүрген ұландарымыздың және болашақ ел қорғайтын ұрпақтардың мейрамы.


Ерлік пен қайсар мінезді, кәсібилікті талап ететін жауапты қызметте Сіздерге сәттілік тілегіміз келеді! Отан қорғаушы күнімен құттықтаймыз отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!




«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі