«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды


2 (126).png


Қабдешев Нұржанды, Қабдулова Гүлжиянды, Ахметова Динараны, Шаймерденов Жасыбайды, Мажитов Өркенді және Зайнулин Тимурды кәсіби жетістіктерінің жоғары көрсеткішімен құттықтаймыз!



4 (78).png



2020 жылы Қазақстан Президенті халыққа жолдауында 5 жыл ішінде орман қорына 2 миллиард, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызуды тапсырма берді.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ 2 млрд ағаш отырғызу барысын бақылау үшін интерактивті карта әзірледі.


Сондай-ақ интерактивті картада мекеменің, орман шаруашылығы саласының, блоктың және бөлімшенің атауы көрсетілген әртүрлі ақпарат бар. Мұнда сіз гектарлармен есептелген аумақты, отырғызылған ағаштардың түрлері мен санын, жұмыс істеп тұрған орман питомниктері туралы ақпаратты, мекемелердің отырғызу материалдарын қазып алуы туралы ақпаратты және отырғызу жоспарларының кешенді жоспарларын көре аласыз. Геосервис картографиялық нысанда аймақтар бойынша барлық жоспарланған көрсеткіштерді көрсетеді және аталған гесервисте бекітілген жоспарлардың орындалуын бақылауға мүмкүндік бар.


Сонымен қатар, облыстардың мемлекеттік орман қорының шекарасын, облыстардың орман жамылғысын, ағаш отырғызу алаңын, орман отырғызуға жоспарланған аумақтарды анықтау функциясын қосатын OrmanMAP мобильді қосымшасы әзірленді. Ағаш отырғызу және орман шаруашылығын іздеу туралы инфографика бар.



Баспасөз қызметі
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ