Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының өзекті мәселелері талқыланды

Құқық қорғау органдары академиясы жүргізетін «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету» атты ведомствоаралық зерттеу аясында «Өсімдіктер мен фаунаға қол сұғушылыққа қарсы тұру» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті.

1 (134).png


Дөңгелек үстелге қатысушылар жануарлар дүниесіне қол сұғушылыққа, оның ішінде браконьерлікке, заңсыз саудаға және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктердің, жануарлардың түрлері мен олардың туындыларының контрабандасына қарсы тұру мәселелерін талқылады.


mobile_file_2024-07-02_04-24-52 (2).jpg



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлері Азамат Маханов пен Гүлжиян Қабдулова ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ғарыштық мониторингінің заманауи тәсілдерінің нәтижелерімен бөлісті. Сондай-ақ геосервистердің және әзірленген ақпараттық платформалардын демонстрациясын өткізді.


mobile_file_2024-07-02_04-24-52 (1) (1).jpg



Дөңгелек үстелге мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және оқу орындарының, қызметі қоршаған ортаны қорғауға қатысты үкіметтік емес ұйымдардың отандық және шетелдік сарапшылары қатысты.







Баспасөз қызметі
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ