«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысында болды

"Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ қызметкерлері Қабжанова Гүлнара мен Айнұр Аман Солтүстік Қазақстан облысына барып, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының өкілдерімен бірлесіп кеңеске қатысты.


ско .png



Кеңес қатысушыларына JerInSpectr платформасының Zher.gharysh.kz, Pasture.gharysh.kz, Tabigat.gov.kz геосервистері  және «JerKarta» интерактивті картасының нәтижелері көрсетілді. Сондай-ақ, қатысушылар геосервистердің жұмыс сапасын жақсарту бойынша мәселелер мен ұсыныстарды талқылады.


4 (80).png



Сонымен қатар, субсидиялар алуға арналған өтінімді негіздеу мақсатында ауыл шаруашылығы жерлерінің геокеңістіктік деректерін тасымалдау бойынша «бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесі» жүйесін қолдау болып табылатын AgroSpace автоматтандырылған платформасында ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру бойынша аграрлық қызметкерлерге оқыту жүргізілді.


2 (128).png



Сондай-ақ, СҚО «ЖерЗЖМИ» РМК және ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімімен бірлесіп, Жерді қашықтықтан зондтау деректеріне сәйкес жайылымдардың тозу және шөлейттену дәрежесін бағалау үшін Қызылжар және Аққайың аудандарына шығу жүзеге асырылды.


3 (114).png






Баспасөз қызметі
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ