Ғарыштық мониторинг: Түркістан облысында ормандарды заңсыз кесу анықталды

1 (142).png


Қазақстанның орман қорының ғарыштық мониторингі, ормандардың жай-күйін бақылау және заңсыз әрекеттермен күресу үшін маңызды құрал болып табылады.

2018 жылдың басынан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары ҚР ЭТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті үшін Қазақстан Республикасының орман қорына ғарыштық мониторинг жүргізуде.

Ғарыштық мониторинг деректері бойынша 2024 жылы, Бадам КММ, Ордабасы орманшылығының 32 кварталы, 7 үлестік жер аумағында Түркістан облысының "жыңғыл" тұқымды ағаштарын заңсыз кесу анықталды.

Бұдан басқа, ҚР бойынша орман ресурстары мониторингінің 1 жартыжылдығының нәтижелері бойынша:

• 627 мың шаршы километр аумағында суреттерді дешифрлеу және талдау жүргізілді, 1371 орман кесу полигоны анықталды, оның 91-і заңды, 1-і заңсыз, 7-і бөліп беру мен таксацияны бұзған, 104-і заңдылықты анықтау сатысында. Ағаштарды кесу анықталған жалпы ауданы - 2 493 га;

• Ауданы 627 мың шаршы километр болатын құрылыстар аумағына мониторинг жүргізілді, 2024 жылы Мемлекеттік орман қорының аумағында 849 ғимарат анықталды. Деректер ақпарат жинау және заңдылықты анықтау үшін ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне берілді;

• Суреттерге фотограмметриялық өңдеу жүргізілді, ҚР Алматы және Қарағанды облыстарының «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМҚК үшін жоғары кеңістіктік ажыратымдылықтағы (1м) "KazEOSat-1" ҒА-тан 120 өңделген сурет берілді.




Баспасөз қызметі
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ