Бішкекте «Ғарыш технологияларының көмегімен экономика салаларын цифрлық трансформациялау» семинары өтті


Семинар Бишкек.png


Бішкекте 2024 жылдың 23 тамызыңда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ұйымдастырған «Ғарыш технологияларының көмегімен экономика салаларын цифрлық трансформациялау» семинары өтті, оған ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Шуленбаев Қуандық және Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің кеңесшісі Атанов Данияр және Қырғыз Республикасы цифрлық даму министрінің бірінші орынбасары Жумамудун Жумалиев қатысты.

Семинар ғарыш технологиялары саласындағы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы халықаралық ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу перспективаларын қарауға орайластырылған.

Семинарды Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің кеңесшісі Атанов Данияр құттықтау сөзімен ашты.

Іс-шарада «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыш технологияларын қолдана отырып, экономика салаларын цифрлық трансформациялау бойынша қазақстандық тараптың жүргізіп жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Сондай-ақ, өзінің ғарыштық бағдарламасы мен экономикалық пайдасы, өз инфрақұрылымының болуы және ғарыш аппаратын өз бетінше басқару шеңберінде бастамашылық еткен қазақстандық тарап, іс-шараға қатысушыларды Жерді қашықтықтан зондтау жерсеріктерінің болашақ топтамасымен таныстырды.

Айта кету керек, бұған дейін Қырғыз Республикасының Президенті – Садыр Нургожоевич Жапаров ағымдағы жылдың сәуір айында Астана қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығына барған болатын, онда ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің мүмкіндіктері және экономика салаларында ғарыштық технологияларды қолдану көрсетілді.


Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ