Ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және Yandex Qazaqstan қол қойды
2024 жылдың 3 қыркүйегінде цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және Yandex Qazaqstan арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Үшжақты меморандумға Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайыржан Қожаев және Yandex Qazaqstan тарапынан Артем Борисов қол қойды.
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрманалиев атап өткендей, Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту, сонымен қатар отандық және шетелдік туристерді қызықтыру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандум тараптардың ниеттерін растайды.
Яндекс карталарында қолжетімді қазақстандық туристік және рекреациялық объектілер тізімінің кеңейтілуі, туристерге ұлттық және өңірлік саябақтар, қорық аймақтары, ботаникалық бақтар, кемпингтер және табиғатта демалуға арналған басқа да орындар туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ оларға барынша қолайлы бағдарлар салуға мүмкіндік береді.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ