Қазақстан мен Конго Республикасы Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы ынтымақтастық аясында жол картасына қол қойды


Дизайн без названия (67).png


2024 жылдың 2 қыркүйегінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен ARPCE пошталық және электронды байланыс жөніндегі ұлттық реттеуші органы Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы Меморандум аясында ынтымақтастық жөніндегі жол картасына қол қойды.

«Бұл кездесулер Азия мен Африка елдері арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығын және жаһандық цифрлық трансформациядағы белсенді рөлімізді көрсетеді», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Тараптар мұнай өнеркәсібі, орман шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану сияқты салаларда жұмыс атқаратын болады.

Конго Республикасының Астанаға ресми сапары барысында ARPCE өкілдері Ұлттық ғарыш орталығына барған болатын.




"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ