Панельдік сессия: ғарыштық технологиялар цифрландыру стратегиясының негізгі бөлігі болып табылады


7 (23).png



«Ғарыштық технологиялар цифрландырудың құрамдас бөлігі ретінде» панельдік сессиясы БҰҰ АТМЭӘК Қазақстан Республиканың Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен стратегиялық ынтымақтастықта ұйымдастырған Цифрлық қосу және трансформация бойынша Азия-Тынық мұхиты министрлерінің конференциясы аясында өтті.


8 (20).png


Панельдік сессияға Моңғолия Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі Цифрлық даму саясатын енгізу және үйлестіру департаментінің бас директоры Бат-Улзий Батчулуун, EMEA (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) Бенджамин Тригона-Харани және «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Василий Леонов қатысты.


9 (16).png


«Жерді қашықтықтан зондтауға негізделген ғарыштық мониторинг тұрақты экономикалық дамуда шешуші рөл атқарады.  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыштық мониторинг деректері негізінде ауыл шаруашылығы, жер және су ресурстарын басқару, жер қойнауын пайдалану және экологияны талдауға арналған цифрлық платформалар әзірледі».  – деп атап өтті өз сөзінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайыржан Қожаев.

Талқылау барысында цифрлық бастамаларды қолдау үшін ғарыштық технологиялардың практикалық қолданы луы және олардың тұрақты дамуға, экономикалық өсім мен әлеуметтік әл-ауқатқа қосқан үлесі қаралды.
10 (9).png

Панельдік сессияны ұйымдастыру және өткізу қатысушыларға тәжірибе алмасуға және ғарыштық технологиялар саласындағы инновациялық жобаларды ілгерілету және қолдау үшін маңызды байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.



"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ