Қазақстан мен Сербия жерді қашықтықтан зондтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды



1 (147).png


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және GBP Defence Security D.O.O.   Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қол қойылған меморандум экономика салаларының цифрлық трансформациясын дамытуға, ғарыштық технологияларды пайдалануға және елдер арасындағы тәжірибе алмасуға бағытталған.



2 (136).png



GBP Defence Security D.O.O.  қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібіне, сондай-ақ экономиканың әртүрлі секторларының цифрлық трансформациясына маманданған жеке компания болып табылады.

Айта кетейік, бұл меморандум Қазақстан мен Сербия Республикасы арасындағы ғарыш қызметі саласындағы алғашқы келісім болып табылады.




"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ