Ақмола облысында заңсыз қоқыс полигондары анықталды
Ақмола облысының экологиялық проблемаларының бірі қатты тұрмыстық қалдықтардың заңдастырылған полигондарының болмауы болып табылады.
Облыс аумағында 130 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына арналған жер учаскелері ресімделді, рұқсат құжаттары тек 25-інде ғана бар, бұл жалпы санның 19,2%-ын құрайды, ал елді мекендер саны 617 және әрқайсысы қалдықтар шығарады.
Мысалы, ғарыштық суреттерге сәйкес 2023 жылы Көкшетау қаласында 96 рұқсат етілмеген қалдықтарды көму орны анықталды.
Аталған деректер бойынша Красный Яр және Стационарный ауылдық округтерінің әкімдері ӘҚБтК-нің 324-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сол секілді, табиғат қорғау прокуратурасының талабы бойынша Бурабай, Ақкөл, Зеренді, Астрахан, Егіндікөл, Аршалы, Бұланды, Біржан сал, Қорғалжын аудандары әкімдерінің орынбасарлары және Целиноград ауданының ТКШ бөлімінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі таңда рұқсат етілмеген полигондарды тазарту және экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.