Қоғамдық кеңестің жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру


2 (1).jpg


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңының 9-бабына және 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес мемлекеттік органдар өкілдерінің, коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтары арасынан Қоғамдық кеңестің жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.

Қоғамның Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы 10 адам болып белгіленді, оның 7 – азаматтық қоғамнан өкілдік, 3 – Қоғамнан өкілдік.

Құжаттар осы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қабылданады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) 1-қосымшаға сәйкес кандидатураны жұмыс тобы құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.

Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға дауыс беру құқығы жоқ, Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын байқаушылар жіберілетініне назар аударамыз.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам нысан бойынша өтініш беруі қажет (2-қосымша).

Құжаттарды Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 89 мекенжайы бойынша қолма-қол беруге немесе kense@gharysh.kz  электрондық мекенжайына жіберуге болады.

1-қосымша.docx
2-қосымша.docx