«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Абуджадағы Қазақстан-Нигерия бизнес конференциясына қатысуда


Абуджа, Нигерия – 2025 жылғы 23 ақпан – Қазақстан делегациясының Нигерия Федеративтік Республикасына ресми сапары аясында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Аманат Үмбетбаев Иле-Ифе қаласындағы йоруба халқының Королі Оба Адейейе Энитана Огунвуси қолдауымен ұйымдастырылған Қазақстан–Нигерия бизнес-конференциясына қатысуда. Қазақстан Республикасының делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров басқарады.


6 (1).jpg

Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан мен Нигерия арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту, инвестиция тарту және стратегиялық ынтымақтастықты дамыту. Конференцияға екі елдің мемлекеттік органдары, бизнес және инвестициялық компанияларының өкілдері қатысуда.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ спутниктік технологиялар, цифрлық шешімдер және геоақпараттық жүйелер саласындағы өз жобаларын ұсынады, сондай-ақ ғарыштық технологиялар мен телекоммуникациялар  саласындағы нигериялық серіктестермен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастырады. Атап айтқанда, Нигерияның Цифрлық экономика және коммуникациялар министрлігінің өкілдерімен кездесулерде Жерді қашықтықтан зондтау, спутниктік байланыс және экономиканың әртүрлі секторлары үшін инновациялық шешімдерді бірлесіп әзірлеу саласындағы ынтымақтастық әлеуеті талқылануда.



8 (1).jpg


«Қазақстанның ғарыштық технологиялар саласында айтарлықтай әлеуеті бар және біз екі жақтың да тәжірибе алмасуға және инновациялық шешімдер бойынша ынтымақтастық орнатуға өзара қызығушылығын байқаймыз. Стратегиялық мәселелерді бірлесіп әзірлеу біздің елдерімізге спутниктік деректер мен цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп қана қоймай, ғарыш және телекоммуникация секторларын одан әрі дамыту үшін негіз қалауға мүмкіндік береді», - деді Аманат Үмбетбаев.

Сондай-ақ бизнес-конференция барысында елдер арасындағы визалық режимді жеңілдету, тікелей әуе қатынасын орнату және цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және финтех шешімдері саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады.


7 (1).jpg

Іс-шараның нәтижесінде тараптар болашақта серіктестікті дамыту және IT-саласы, ауыл шаруашылығы, энергетикалық кешен және табиғи ресурстарды пайдалану салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қоюға дайын екендігін білдірді.

Алдағы күндері Абуджа қаласында өтіп жатқан энергетикалық форум аясында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өкілдерінің нигериялық кәсіпкерлермен және мемлекеттік органдармен қосымша кездесулері жоспарланған.

Нигерия - Африканың ең ірі экономикасы және 220 миллионнан астам халқы бар континенттегі ең көп мемлекет. Ел бай табиғи ресурстарға, қарқынды дамып келе жатқан нарыққа және экономиканың әртүрлі салаларында халықаралық ынтымақтастық үшін стратегиялық әлеуетке ие.