С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-да "Қазақстан Ғарыш Сапары"ҰК өкілдерімен кездесу өтті


14.jpg


Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК Басқарма төрағасының орынбасары - О.Б.Шоқпаров бастаған, Кеңістік аналитика департаментінің директоры - Б.К.Рахымжанов қатысуымен  кездесу өтті. Кездесуде С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов кездесуге келген делегация өкілдерін жылы шыраймен қарсы алып, университеттің әлеуеті мен С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ ауыл шаруашылығы саласындағы кадрларды даярлаудың заманауи үрдістері туралы айтты.  


_BBC1228 (1) (1).jpg

Өз кезегінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК Басқарма төрағасының орынбасары О.Б.Шоқпаров университетпен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіншілігі туралы ұсыныс тастап, университет студенттерін тәжірибеден өткізіп, келешекте жұмысқа алу мүмкіндігі барын айтты.

Кеңістік аналитика департаментінің директоры - Б.К.Рахымжанов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК туралы жиналғандарды презентациямен таныстырды.

Кездесудің нәтижесінде қос тарап бұрынырақта жасалған меморандумды қайта қарап, кеңейтіп, бірге жұмыс істеуге уағдаласты.