«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Қазақстан-Нигерия бизнес-конференциясы аясында Suburban Broadband Limited компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан-Нигерия Бизнес Кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылған Қазақстан-Нигерия бизнес-конференциясы аясында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен нигериялық Suburban Broadband Limited компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім ғарыштық технологиялар, спутниктік байланыс және Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) саласындағы серіктестікті дамытуға бағытталған.
Нигерияның байланыс, инновациялар және цифрлық экономика министрі Босун Тиджанимен кездесуде Қазақстанның цифрлық платформаларын дамыту мүмкіндіктері таныстырылып, бірлескен инновациялық шешімдер бойынша перспективалар талқыланды.
Қазақстан-Нигерия бизнес-конференциясы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестициялық әріптестік және технологиялық алмасу мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.